Пафос (грекшеден: pathos – сезім, құмарлық) – құлшыныс, құш тарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт мағынасында қолданылған. Ежелгі грек әдебиетінде пафосты жазушының шы ғармашылық идеясын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнеленуі дәрежесін бағалауда негізгі көрсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақынжазушының қоғамдықәлеуметтік идеалын анықтау да қалыптасты. Аристотель пафосты объективтік жай лар арқылы экспрессивтік бейнелер жасау деп есептеген. Пафостың түрлерін негізінен трагедия, қаһармандық, комедия, романтика, сатиралық, драмалық т.б. деп жіктеу қалыптасқан. Көркем шығар мадағы «негізгі ой», «өзекті идея», «авторлық бояу», «ұлттық реңк», «басты желі» деген ұғымдарды пафоспен тығыз байланыста қарас тырған дұрыс.