АРАУКАНДАР

АРАУКАНДАР (исп. araucanos, өздерінше мапуче (maruche) — Латын Америкасындағы үндіс тайпаларынан құралған халық. Қазіргі жалпы саны 800 мың адам (1992). Мұның көбісі Чилиде тұрады. А. тілінде сөйлейді. Ерте замандардан бері Чилидің Атакома шөлінде өмір сүрді. Қалың орналасқан қоныстары: Арауко, Мальеко, Каутин, Вальдивия уалаяттары. Испан отаршылары Чилидің шөлейт түкпіріне тықсырған А. тайпалары одақтасып, тұтас халыққа айналды, қатты қырғынға ұшыратқан сұрапыл соғысқа (1536 — 1882) төтеп берді. А-дың отаршылардан қысым көрген үлкен бір тобы Аргентинаға ауып кетті. Олар қазір 50 мың адамнан асады. Чилидің Темуко аймағындағы А-дың көбісі қамашауда (резервацияда) тұрады. Оларды қамашауға жайғастыру туралы заң 1868 ж. шыққан болатын. А-дар диқаншылықпен айналысады, жері жоқтар серіктесіп егін егеді, алпауыттарға жалданады. Қалаларда жұмыс істейтін А. көбейіп келеді. А-дар ежелгі салт-санасын, ұлттық қолөнерін, билерін, сан алуан спорт ойындарын және басқа да ерекшеліктерін сақтаған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *