АРАТ

АРАТ (Сhardіnіa) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда 1 түрі – Шығыс Арат (Сh. orіentalіs) өседі. Биікт. 10 – 40 см. Оның биіктігі 10 – 40 см. Сабағы тік, сыпыртқы бұталы, сыртын ақ түк жапқан. Жапырақтары қатаңдау, шеті тегіс, ұзындығы 4 – 6 см, ені 10 – 15 мм-дей, кезектесе орналасады. Олардың үстіңгі жағы бозжасыл, астыңғы бөлігі сұртүкті болады. Гүлшоғыры– көп гүлді себет. Тұқымшасының сыртын түк жапқан, ұсақ. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жеміс береді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *