АРАСАН

АРАСАН (моңғ. аршан – бұлақ), шипалы су – емдеуге қолданылатын жер асты су көздері. Суының темп-расына қарай жылы немесе субтермальді (20 – 37°С), термальді (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальді А. (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Суының температурасына қарай жылы немесе субтермальды Арасан (20 – 37°С), термальды Арасан (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальды Арасан (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіндегі жоғарғы температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып, тектоник жарықтар арқылы жер бетіне шығады. Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоник. қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, күшәла, марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Құрамында тұздар ерітіндісі аз болатын Арасан сулары асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш, Аяққалқан, Қорам, т.б. минералды сулары), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесімен қан тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б. минералды сулары) емдеуге пайдаланылады. Қазақстанның Арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан (Нарзан, Боржоми, Есентуки, т.б.) кем түспейді. «Арасан» термині Кавказдан Қиыр Шығысқа, Сібірден Тибетке дейінгі халықтар тілінде жиі кездеседі. Шипалы суға байланысты жер-су, елді мекен, емдеу орындарының атауларын білдіретін бұл термин түрлі өзгерістерге ұшыраған: аршан, арашан, арасан, нарзан, назрань, арзни, т.б. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *