АРАНЫШЕВ Михаил Федорович

АРАНЫШЕВ Михаил Федорович (12.11.1912, Ресей, Нижний Новгород обл. Вача ауд. Клинс. — 18.11.1989, Алматы) — кинооператор. Қазақстанның еңбек сің. арт. (1959). 1937 ж. Мәскеудегі Мемл. кинематогр. ин-тын (Б.И. Волчектің шеберханасында) бітіргеннен кейін “Ленфильм”, кейін Орт. біріккен көркем фильмдер киностудиясында (1942 — 43, Алматы), 1946 жылдан Алматы көркем және хроник.-деректі фильмдер киностудиясында (“Қазақфильм”) қызмет етіп, әр алуан деректі, хроник. фильмдермен қатар киноочерктер және көркем фильмдерді (“Махаббат дастаны”, 1953; “Дала қызы”, 1954; “Өжет қыз”, 1955; “Тасқын”, “Даладағы қайыңдар”, 1956; “Менің атым Қожа”, 1964; “Жаңғырық” (1966 — 67), “Мың шақырымдық жол”, 1968; “Құлагер”, 1972; “Балалық шаққа саяхат”, 1970; “Көзілдірікті қоян”, 1981, мультфильм; “Бандыны қуған Хамит”, 1981, т.б.) түсіруге қатысты. А. 1952 ж. “Советтік Қазақстан” аталатын деректі фильмі үшін КСРО Мемл. сыйл-на ие болған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *