АРАН — аң аулау үшін арнайы қазылған ор. Ертеде киік, қарақұйрық, құлан, тарпаң секілді аңдарды аулау үшін жазық жерге ұзындьны 10 — 15 шақырым, ені 5 — 6 метрдей етіп доғаша иілдіре ор қазылған. Ордың түбіне қаз-қатар тізіп екі басы ұшталған қазық қақкан. А. дайын болған соң жарау атқа мініп іріктеліп шыкқан жігіттер даладағы аңдарды жан-жағынан тықсырмалап, А-ға қарай айдаған. Жанұшыра шапқан аң екпінімен келіп А-нан қарғығанда, арғы жақ ернеуіне аяғы ілікпей ор ішіне құлаған. Мұны қазақтар аңды арандату дейді. Қазіргі кезде көне А- дың ізі Қазақстанның барлық өңірлерінен кездеседі.