Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.
* * *Ат қиналмай, жау шалмас.
* * *
Қайыспас қара балтасыз жау алынбас.
* * *
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
* * *
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.
* * *Ананың көңілі балада.
* * *
Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары.
* * *
Ұлың өсіп жетілсе, ол – отбасының мерейі, баскөзі.
* * *
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
* * *
Уа, хан ием, сізді Тәңірім сондай ісінің сәті түспегендерден сақтасын.
* * *
Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе.
* * *
Адам өмірі – қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
* * *
Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.
* * *
Өлгендер қайтып келмейді,
Шыққан жан қайтып енбейді.
* * *
Құстың қонар жерін су білер,
Малдың барар жерін ну білер.
* * *Топырақ тау болмайды.
* * *Көк шүйгінін киік білер.
* * *Бас аман болса, бөрік табылады.
* * *
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
* * *Өтірік сөз өрге баспайды.
* * *
Дәулетті ұл – ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл – атаның соры.
* * *
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
* * *
Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың.
* * *
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда, Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
* * *Көп қорқытады, терең батырады. * * * Тәкаппарлықты Тәңірі де сүймес.
* * *
Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас. Күңге сары пәй шапан жапқанмен – бәйбіше болмас.
* * *
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман.