АРАМ

АРАМ (араб. харам — тыйым салынған) — 1) күнә болып есептелетін іс-әрекеттер. Кез келген іс-әрекет өз сипатына қарай үш түрге бөлінеді: а) батил — мүлдем тыйым салынған (бұған шаризат заңдарын, діни жораларды сақтамау, міндеттемелік келісім шарттарды, сауда-саттық талаптарын бұзу, күш көрсету, озбырлық жасау, нахақ қан төгу, зинақорлық, діннен безу жатады); б) фасид- яғни ішінара арамдық араласқан, бірақ түзетуге болатын іс-әрекеттер; в) сахих — арамдық жоқ, бірақ моральдық тұрғыдан қолдап-қуаттауға жатпайтын іс-әрекеттер (мыс., қылмыскерлерге қару-жарақ сату, т.б.); 2) отбасы қарым-қатынастарындағы тыйым салынған байланыстар (мыс., қазақтарда жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алу — арам), емшектес жандарға, өгей қызға үйлену, т.б. іс-әрекеттер А. болып табылады; 3) тыйым салынған тағамдар мен ішімдіктер (дәрі-дәрмек есебінде пайдаланса, А. емес); 4) адамды бұзатын ойын-сауықтар мен құмар ойындары; 5) қажылық кезіндегі тыйым салынған іс-әрекеттер (мыс., қару-жарақ асыну, күнделікті киімін кию, қүн алу, соғысу, ұрысу, т.б.). А. іс-әрекетке барушылар күнәһар болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *