1 Креативтілік туралы түсінік
2 Креативтілік параметрлері
Креативтілік немесе шығармашылық қабілет Гилфордтың интеллект құрылымының текше тәріздес үлгісі туралы жұмысы жарияланған соң белсенді түрде зерттеле бастады. Онда ол 1) белгілі бір жолмен жүріп, нақты бір шешімге келетін кон-вергенттік ойлау мен 2) мәселені шешудің вариативтік жол-дарын тауып, күтпеген нәтижелерге алып келетін дивергенттік ойлауды (немесе шығармашылық ойлауды) бөліп көрсетті.
«Ақыл-ойы орташа» адамдардың интеллектісі мен шығармашылық қабілеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Ин-теллектісі қалыпты адамдардың шығармашылық қабілеттері де қалыпты болып келеді. Тек белгілі бір деңгейден бастап ин-теллект пен шығармашылықтың жолдары ажырай бастайды. Ол деңгей 120-ға тең IQ облысында жатыр. Интеллект коэффи-циентін тесттермен өлшеуге болады. Қазіргі кезде интеллектіні бағалау үшін Стенфорд-Бине тесті мен Векслер шкаласы қолданылады. IQ деңгейі 120-дан жоғары болғанда шығарма-шылық пен интеллектуалдық іс-әрекет арасындағы корреляция жойылады, себебі шығармашылық ойлаудың өзіндік ерекшелік-тері бар және ол интеллектімен бірдей емес.
Шығармашылық ойлау:
1) Иілгіш, яғни қарапайым адамдар бір немесе екі ғана ше-шімін тапқан жағдайда, шығармашылығы жоғары адам-дар көптеген шешім ұсынулары мүмкін;
2) Шапшаң, ширақ, яғни шығармашылық ойлау үшін мә-селенің бір қырынан екіншісіне ауысу еш қиындық ту-дырмайды;
3) Айрықшалық, ол күтпеген, қарапайым емес, ерекше ше-шімдер тудырады.
Ешкім де интеллектуал немесе шығармашылықты болып ту-майды. Барлығы тек әрқайсымызға әрқилы деңгейде берілген қа-білеттерді іске асыру үшін қоршаған ортаның берген мүмкін-діктеріне байланысты.
Фергюсон «шығармашылық қабілеттер туындамайды, олар босатылады», деп көрсетті.
Қабілеттер мен шығармашылық деңгейі үнемі корреляцияға жатпайтындықтан, интеллектуалдық дарындылық пен өнімділік және шығармашылық дарындылық пен өнімділіктің ара жігін ажырататын анықтаманың қажеттілігі туындады. Осы соңғы тү-сінік креативтілік коэффициенті (Cr) деген атау алды. 1960 жылы Гетцельс пен Джексон интеллект пен креативтілік көр-сеткіштерінің арасында корреляция болмайтындығы жайында де-ректерді жариялады.
Шығармашылық дарындылық және шығармашылық өнім-ділік басқаша параметрлермен сипатталады:
-Ойлау байлығы (уақыт бірлігіне шаққандағы жаңа идеялар саны);
-Ойдың иілгіштігі (бір тапсырмадан екіншісіне ауысу жылдамдығы);
-Айрықшалық;
-Білімқұмарлық, әуесқойлық;
-Болжам жасауға қабілеттілік;
-Иррелеванттылық – реакцияның стимулға логика-лық тәуелсіздігі;
-Қиял-ғажайыптылығы – стимул мен реакцияның белгілі бір логикалық байланыстылығы бола тұра, жа-уаптың шындықтан алшақтығы.
-Гилфорд креативтіліктің 6 параметрін бөліп көрсетеді:
1. Мәселені байқау және қоя алуға қабілеттілік.
2. Неғұрлым көп идея шығара алуға қабілеттілік.
3. Аяқ астынан пайда болған семантикалық иілгіштік – алуан түрлі идеяларды шығара алуға қабілеттілік.
4. Айрықшалық – алшақ ассоциация, ерекше жауаптар, стандарттық емес шешімдер шығаруға қабілеттілік.
5. Бөлшектер қоса отырып, объектіні жетілдіруге қабі-леттілік.
6. Семантикалық иілгіштікті көрсете отырып стандарттық емес мәселелерді шеше алуға қабілеттілік – объектіден жаңа белгілерді көру, қолданудың жаңа түрін табу.
Гилфорд Cr-ті диагностикалауға арналған тесттер батареясын құрастырды (10 тест – вербалдық Cr., 4 тест – вербалдық емес Cr. арналған). Cr-ке арналған кейбір тапсырмалардан мысал кел-тірейік: «Сөз қолдану жеңілдігі» тесті («О» әрпі неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның жылдамдығы» тесті (түсі ақ болуы мүмкін заттар мен құбылыстарды білдіретін неғұрлым көп сөз жазыңыз); «Идеяның оралымдылығы», «Заттарды қолдану икемділігі» тесті (консерві банкісін қолданудың неғұрлым көп түрін көрсетіңіз); «Бейнелер құрастыру» тесті (үшбұрыш, шаршы, шеңбер, тра-пеция пішіндер жиынтығын қолданып неғұрлым көп бейнелер құрастыру).
Торранс Cr-ті зерттеуді әрі қарай жалғастырды, бірақ ол білімдегі кемшіліктер мен орны толмай тұрған бос жерлерді өткір қабылдауға қабілеттілік пен дисгармонияны сезе білуді де креа-тивтілік деп түсінуді енгізді. Торранс мектепалды балаларынан үлкендерге дейін Cr – к тесттер топтамасын құрастырды, бала-лардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын бағдарлама құ-растырды: бірінші кезеңде сыналушыларға конвергенттік ой-лауды жаттықтыруға арналған анаграммалар (мағынасыз орна-ласқан әріптерден сөз іздеу). Соңынан сыналушыға түрлі заттар беріліп, соларды қолданудың алуан түрлерін атау ұсынылады. Торранс бойынша, қабілеттер жаттығуының мұндай тәсілі адам-ды сыртық қоршаудан босатып, ол шығармашылықты және стан-дартсыз ойлай бастайды. Торранс батареясының құрамына шы-ғармашылықтың үш аймағын зерттейтін 12 тест кіреді: сөздік шығармашылықты ойлау, бейнелеу шығармашылықты ойлау және сөздік-дыбыстық шығармашылықты ойлау. Торранс Cr – к деңгейін бағалау үшін мынадай көрсеткіштерді қолданды:
Жеңілдігі – тапсырманы орындау шапшаңдығы.
Иілгіштігі – жауап беру барысында бір нысандар сы-ныбынан екінші нысандар сыныбына ауысу саны.
Айрықшалығы – біркелкі топ сыналушылар жауап-тарының арасында сол жауаптың неғұрлым аз кездесуі. Егер белгілі бір жауап 1 % — дан аз кездессе (яғни, 100 адамның 1 осындай жауап берсе), онда айрықшалыққа ең жоғарғы 4 ұпай беріледі, егер 2 %-дан аз кездессе – 3 ұпаймен бағаланады, егер 6 %-дан көп (100 адамнан 6-7 адам бірдей жауап берсе), онда айрықшалық жоқ, 0 ұпай беріледі.