1. Интеллектіні анықтау тәсілдері
2. Интеллектіні өлшеу тесттері, олардың түрлері
3. Интеллект құрылымы
4. Интеллект құрылымы туралы иерархиялық теориялар
Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін анық-тауға арналған. Бұл жерде интеллект деп жеке даралықтың кез-келген көріністері емес, танымдық үрдістер мен қызметтер (ой-лау, ес, жад, зейін) туралы айтылып отыр. Интеллект тесттер психодиагностика әдістемелерінің ішіндегі тарихи ертеректе пай-да болғаны болып есептеледі.
Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткіші ретінде «интеллектуалдық коэффициент» деген ұғым қалып-тасқан. Бұл коэффициент психодиагностикалық жолмен «ақыл-ой жасын» (орындалған тест тапсырмаларының санына қарай) хро-нологиялық немесе паспорттық жасқа бөліп және алынған санды 100-ге бөлу арқылы шығады. Егер көрсеткіш 100-ден жоғары болса, онда зерттелушінің үлкен жасқа арналған тапсырмаларды орындағаны, егер IQ төмен болса, онда зерттелушінің өзінің жа-сына сәйкес тапсырмаларды орындай алмағаны болып табылады. Арнайы статистикалық аппарат арқылы нормалар шегі анық-талады, яғни белгілі бір жастағы адамның интеллектуалыдқ дамуынан хабар беретін IQ көрсеткіштер есептеледі. Ол шектер 84-тен төмен болса, ол төмен интеллект, егер 116-дан жоғары болса, интеллектуалдық дамудың жоғары көрсеткіші деп қарастырылады. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тесттер білім саласында кең тараған. Оқу орнына және жұмысқа орналасуда тесттер практикалық психологияның міндетті құралы ретінде қолданылады.
Көп тараған интеллект тесттеріне Д.Векслердің, Р.Амтхауэрдің, Дж.Равеннің Стенфорд-Биненің тесттері жатады. Бұл тесттердің сенімділігі мен валидтілігі тұрақты болып та-былады.
М.К.Акимова, Е.М.Борисова, К.М.Гуревич, В.Г.Зархин, В.Т.Козлова, Г.П.Логинова, А.М.Раевский, Н.А.Ференс – осы ав-торлар ұжымы оқуға түсушілерге арналған интеллектуалдық да-муды анықтайтын АСТУР тестін құрастырып шығарды. Тест 8 субтесттен тұрады: 1) мағлұматтылық, 2) қосарланған ұқсастықтар, 3) лабильділік, 4) жіктеу, 5) жалпылама, 6) жүйелік кестелер, 7) сандар қатары, 8) геометриялық пішіндер.
Тестілеу нәтижесін өңдеу барысында тек орташа ұпай ғана емес, сондай-ақ зерттелушінің жеке дара тестілік профилін де анықтауға болады.
Адамның қабілеттерін мына топтарға бөлуге болады:
— жалпы қабілеттер (заңдылықтарды анықтауға қабі-леттілік интеллектінің жалпы деңгейі);
— модальдық жалпы қабілеттер (вербалдық интеллект, нумерикалық интеллект (есептеуге мүмкіндік беретін), кеңістіктік интеллект, техникалық практикалық интел-лект);
— арнайы қабілеттер (белгілі бір арнайы іс-«рекет түр-лерін жеңіл және жемісті тгеруге жағдай жасайды: му-зыкалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, әртістік, пе-дагогикалық қабілеттер);
— жеке-дара қабілеттер (психикалық танымдық қыз-меттердің даму деңгейі: жад, ес, зейін, қабылдау, ойлау, елестету).
Адамның танымдық үрдістерінің жиынтығын интеллект анықтайды.
Интеллект – ол саналы әрекет ету, өнімді ойлауға, өмірлік жағдайларды жақсы шеше алуға жоғары қабілеттілік (Векслер), яғни интеллект адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Алғашында Спирмен (1904 ж.) мынадай пастулаттар құ-растырды: интеллект адамның басқадай тұлғалық сипаттарына тәуелді емес; интеллект өзінің құрылымына интеллектуалдық емес сапаларды қоспайды (қызығушылықтар, жетістікке жету түрткілері, үрейлену және т.б.). интеллект ақыл-ой қуатының жалпы факторы ретінде танылады. Спирмен кез-келген интел-лектуалдық іс-әрекеттің жемісі жалпы факторға, жалпы қабі-леттерге тәуелді екендігін көрсетті. Осылайша, ол интеллектінің басты факторын (G факторы) және арнайы қабілеттердің көр-сеткіші болып табылатын S факторын бөліп көрсетті. Спирменнің пікірі бойынша, әрбір адам белгілі бір жалпы интел-лектуалдық деңгейімен сипатталады.