Психодиагностикалық үрдіс


1. Мағлұмат жинау кезеңі
2. Өңдеу және интерпретация кезеңі
3. Шешім қабылдау кезеңі
4. Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі
Мағлұмат жинау кезеңі
Диагностикалық әдістемелер көмегімен мағлұмат жинаудың алдында зерттелінуші жөніндегі объективтік және субъективтік көрсеткіштер кешенімен (сұхбат, ауру тарихы, басқа ма-мандардың шешімдері және т.б.) танысу кезеңі өтеді. Диаг-ностикалық әдістемелердің белгілі авторлары сыналушыны ал-дын ала мұқият зерттеуге, оның өткені мен бүгінгісін есепке алу қажеттігіне ерекше назар аударады. Осылайша, зерттеудің негізгі көрінісі туындайды.
Психодиагностикалық зерттеу үнемі «экспериментатор – сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесінен тұрады, әдебиеттерде осы жүйеге кіретін түрлі айнымалылардың ықпалын талдауға көп на-зар аударылады. Әдетте жағдаяттық айнымалылар, зерттеулер мен тапсырмалардың айнымалы мақсаттары, зерттеуші мен сыналушының айнымалылары болады. Бұл айнымалылардың мағынасы зор, ал олардың ықпалы зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуде, алынған нәтижелерді өңдеу мен қолдануда есепке алынуы қажет.
Тестілеу үрдісіне ықпал етуі мүмкін факторлардың бар-лығын қадағалау мүмкін емес. Әйтсе де тестілеуге дайындық кез-дейсоқ жағдайлардың туындауын болдырмауы дәне проце-дураның біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Тестілеу шарт-тарының стандартталуы тек нұсқауға ғана емес, зерттелушіге ұсынылатын тест материалына да, тестілеу ахуалына да қатысты. Тест құрастырушының міндеті – тестілеу барысының барлық ке-зеңінің сипаттамасы толық, әрі анық болуы қажет. Зерттелушімен раппорт орнатуға да едәуір зейін аудару қажет.
В.И.Дружинин психодиагностикалық жағдаяттардың төрт нұсқасы болады деп пайымдайды: 1) зерттеуге өз еркімен қатысу және одан кейінгі мінез-құлықты өзі таңдауы (мысалы, пси-хологиялық кеңес беру); 2) зерттеуге күштеп көндіру, бірақ одан кейінгі мінез-құлқын өзі таңдайды (мысалы, тест құрастыру ке-зінде психолог-студенттерге сынақ жүргізу); 3) зерттеуге күштеп көндіру және зерттеуден кейінгі мінез-құлықты өзі таңдамайды (мысалы, атқарып отырған қызмет талаптарына сай екендігін анықтау үшін тестілеу); 4) зерттеуге өз еркімен қатысады, бірақ әрі қарай мінез-құлқын өзі таңдамайды (мысалы, кәсіби іріктеу).
Психологиялық диагностикада қойылған міндеттерге сәйкес белгілі бір әдістемелерді таңдауға қатысты нақты бір шарттар болмайды (танымдық үрдістерді есепке алмағанда). Бұл әсіресе тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуде (бір әдістеме түрлі мақ-саттарда қолданылады) анық көрінеді. Әдістеменің диагнос-тикалық міндетке қатысты валидтілігі зерттеу құралы ретінде таңдалатын критерий болуы қажет.
Алайда тұлға әдістемелерінің валидтілігін анықтағанда едәуір қиындықтар туындайды. Бұл әдістемелердің сыртқы критерийлер негізінде валидтілігін анықтау мүмкін емес, сондықтан да зерттеуші конструктивтік валидтіліктің нәтижелеріне сүйенуге мәжбүр. Кейде тұлғалық сауалнамалардың валидизациясында психиатриялық болжамдарға жүгінеміз. Бұл жерде психиат-риялық болжамдардың сенімсіздігін; түрлі бағыттар мен мек-тептердің клиникалық-диагностикалық сәйкессіздіктері болатын-дығын; патологияны анықтауға бағытталған сауалнамалардың сыртқы критерийі ретінде психиатриялық болжамды қолданудың мақсатқа сәйкестілігін ескеру қажет. Әдістеменің валидтілігінің эмпирикалық коэффициенті белгілі болған жағдайда да диаг-ностика жүргізілуші параметрдің базалық деңгейіне қатысты ба-ғалануы керек (Meehl, Rozen, 1955).
Базалық деңгей дегеніміз – біз диагностика жүргізетін сапа-ның зерттелуші популяцияның ішіндегі үлесін білдіреді. Диаг-ностиканың дәлдігін жоғарылатуға өз үлесін қосатын тесттің инкременттік валидтілігі базалық деңгейге тәуелді. Басқаша айт-қанда, тесттің валидтілігі мен базалық деңгейдің сәйкестілігі оны қолданудың қаншалықты ақталғандығын анықтауға мүмкіндік береді. А.Анастази нөлге немесе бірге жақын базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі өте аз болғандықтан оны қол-дану тиімсіз деп жазады: «Мысалы, егер клиникалық попу-ляцияның 5 % басмиының органикалық зақымдануы болса, онда осы популяциядағы болжамның базалық деңгейі5 %. Валидті тест диагностиканың дәлдінін арттырғанымен, егер базалық деңгей 0,50 жақын болса, онда одан ештеңе ұтпаймыз. Патологиялық жағдайдың өте сирек кезедесетінін білдіретін төмен базалық деңгейде тесттің инкременттік валидтілігі түкке тұрғысыз болып қалады, оны қолдануға кеткен шығындар мен өңдеуді ақтай алмаймыз» (Анастази, 1982, кн.1, с. 157-158). Клиникаға тән қарқынды жеке-дара зерттеу кезінде селекция мен іріктеуде ерек-ше маңызға ие тесттің инкременттік валидтілігі өзінің қажеттігін жояды.
Тесттің валидтілігі зерттелінуші топтардың (топшалардың) ерекшеліктеріне (немесе модераторлардың) тәуелді екендігі бел-гілі. Модераторлар рөлін көп жағдайда жыныс, жас, білім дең-гейі, қызығушылықтар, түрткілер тәрізді көрсеткіштер атқарады. Клиникалық психодиагностикада мұндай модераторлар жасалын-баған, олардың әсері тек ерекше жағдайларда ғана есепке алы-нады. Мысалы, кейбір психикалық ауруларда қолданылатын ұзақ уақыт бойғы психофармокологиялық әсерлер ауру тұлғасын зерт-теудегі тесттің валидтілігін әжептәуір төмендетуі мүмкін.
Әдістемелерді таңдау кезінде тұлғалық ерекшеліктерді кеңінен қамтитындарын басшылыққа алу қажет. Диагностикалық шешім мен болжамның дәлдігі осыған тәуелді. Л.Кронбах пен Г.Глесер бастапқыда тұлға туралы жалпылама түсінік алуға мүмкіндік беретін толық стандартталмаған әдістемелерді (мы-салы, жобалау әдістемелері) қолданудан тұратын сатылы стра-тегияны ұсынады.
Өңдеу және интерпретация кезеңі
Алынған сандық нәтижелердің пайдалы екендігімен психо-диагностика саласындағы көптеген мамандар келіседі. Алайда зерттеу нәтижелерін қалайша жалпылау керек деген кереғар көз-қарастар туындайды.
Клиникалық тәсіл негізінен сапалық көрсеткіштерге сүйеніп, оларды толық қамтуға тырысады. «Субъективтік пайымдауға» және кәсіби тәжірибеге сену оның маңызды ерекшелігі.
Статистикалық тәсіл объективтік көрсеткіштерді, олардың мысалы, регрессия теңдігі немесе факторлық талдау түріндегі статистикалық өңделуін есепке алады. Субъективтік пайымдау рөлі едәуір төмендейді.
Осы саладағы жұмыстарды талдауға сүйене отырып, осындай пікірталастардың негізін салушы П.Мил клиникалық болжамға қарағанда статистикалық болжам анағұрлым тиімдірек деген тоқ-тамға келеді (20 зерттеуге шолу жүргізіледі, олардың біреуінен басқасы статистикалық тәсілдің пайдасына шешіледі). Ол кейінгі зерттеулермен де дәлелденді (Barenberg, 1961). Сөйтсе, диаг-ностикалық нәтижеле көлемінің өсуі бастапқыда болжамның дәл-дігінің артуына, соңынан кемуіне әкеліп соғады екен.
Клиникалық болжамның ең осал тұсы – бейнені тұтас көру мақсатында ұсақ, жекелеген бөлшектерді құрбандыққа шалуы.
Бірақ бұдан клиникалық тәсілді психодиагностикадан алып тастау деген қорытынды шықпайды. статистикалық тәсіл тұлғаны жан-жақты сипаттау, себеп-салдарлы байланыстарды және қаты-настарды ашу міндеті қойылғанда клиникалық тәсілдің орнын баса алмайды. Тест қолдану тиімсіз болған жағдайларда кли-никалық тәсілді басқамен алмастыру қиын. Өз жұмысында негізделмеген критерийлер бойынша тиімділікті бағалауды жүзе-ге асырған зерттеулерге сүйенген деп көрсеткен, П.Милдің көзқа-расын сынаушылар статистикалық және клиникалық бағалауды жақтаушылар арасындағы кереғар пікірлерді одан сайын өршітті деп санайды.
Толыққанды диагностикалық зерттеулерде негізделген пси-хологиялық қорытынды шығару арқылы статистикалық нәти-желер шегінен шығуға болады. «Талқылауда субъективтік сәттер-ден шектен тыс қорқу және нәтижелерді таза механикалық, ариф-метикалық жолмен алу қате. Субъективтік өңдеу болмаған жерде, яғни ойлаусыз, интерпретациясыз, нәтижелердің жұмбағын ше-шу, талқылау болмаған жерде ғылыми зерттеу болмайды» (Выготский). Диагностикалық жағдайлардың көпшілігінде кли-никалық және статистикалық тәсілдер өзара үйлесімді түрде қол-данылуы қажет.
Шешім қабылдау кезеңі
Н.Сандберг пен Л.Тайлер диагностикалық шешімдердің үш деңгейін бөліп көрсетеді.
Бірінші деңгейде зерттелінуші туралы мағлұматтардан диаг-ностикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, әдістеменің тапсырмаларын жемісті орындау ойлаудың бұзылуының жоқ-тығы туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл іріктеуге не-гіз болады. Мұндай «селекциялық» тәсілде психологты жекеле*-ген сыналушылардың тест тапсырмаларын неліктен орындай ал-мағаны қызықтырмайды. Индивидуалдық болжам жасалмайды. Бұл деңгейдегі диагноз клиниканың қорытындыларын өзіне, бі-рақ түсініктердің басқа түрінде қайтарып береді. Л.С.Выготский мұндай диагнозды «айқын, көп жағдайда шетелдік және түсі-ніксіз тілде» қайталау дейді.
Психологты машинамен алмастыруға болатын диагнос-тиканың осы типі кеңестік кезеңде көп сынға ұшыраған. Сынмен келісе отырып, оның қажетті тұстарын да атап кеткен жөн (мы-салы, дифференциациялау мақсатында көп адамға зерттеу жүр-гізу).
Екінші деңгей жекелеген зерттеулер нәтижелері мен диагноз арасындағы делдалдарды тудыруды білдіреді. Н.Сандберг пен Л.Тайлер сипаттаушы жалпылама мен гипотетикалық конст-руктты делдалдар ретінде ұсынады. Ол жалпылау деңгейінің тө-мендігін, психикалық үрдістер қарқынының бәсеңдеуін анықтап, осы нәтижелерді ойлаудың бұзылуы деп жалпылайды. Гипо-тетикалық конструкт ретінде бұзылудың психологиялық құры-лымын ашуды алуға болады. Бұл кезеңде зерттеуші диаг-ностикалық жұмыстың келесі кезеңдерін жоспарлауға, ықпал ету-дің нақты әдістерін таңдауға мүмкіндік алады.
Үшінші, жоғарғы деңгейде сипаттаушы жалпыламадан, гипо-тетикалық конструкттан тұлға теориясына көшу жүзеге асуы қа-жет. Зерттелуші жағдайдың жұмыс үлгісі құрылады, онда құбы-лыстың психологиялық мағынасын, оның құрылымын неғұрлым нақ, әрі негізді түрде ашуға мүмкіндік беретін, тұтастықтан және түсініктерден құралған индивидтің нақты ерекшеліктері беріледі.
Тұлғаның үлгісін құруға ұмтылған зерттеуші көптеген қиындықтарға тап болады. Көп қиындықтар «вербалдық нақты бейнелерді (немесе олардың жиынтығын) үлгімен, теориялық құ-рылыммен теңестіру кезінде туындайды. Мысалы, зерттеушілер тұлғаның ержүректік, агрессивтілік, табандылық және т.б. сапалары туралы айтқанда, олар көп жағдайда теориялық құры-лымдар қасиетін иеленбеген нақты бейнелер жиынтығын – яғни тек синдромдарды жайында ғана сөз етеді. Бейнелер мен үлгілер арасындағы айырмашылықтарды ескермеудің нәтижесінде индивидтің психологиялық қасиеттерін оның мінез-құлық стилі-мен оңай теңестіруге болады. Тұлғаның бір ғана қасиетінің мінез-құлық ретіндегі көріністерінің алуан түрлілігінің кеңдігі, мысалы шыншылдық, табандылық, ержүректік тәрізді белгілі бір әлеуметтік идеалдарды жүзеге асыру тәсілдері санының кеңдігіне тең» (К.Обуховский, 1981, 49 б.). Жоғарғы деңгейде диагноз жүргізу тұлғаның маңызды сапаларын іріктеу, олардың арасындағы ішкі байланыстарды ашу қажеттігіне кезігеді, ал ол болса психологиядағы тұлғаның жалпы теориясының ахуалымен байланысты. Н.Сандберг пен Л.Тайлер ұсынған диагностикалық қорытындылар типтері ресей психологтары А.А.Невский мен Л.С.Выготский одан ертеректе бөліп көрсеткен диагноздың даму сатыларымен үндеседі. Бірінші саты – симптомдық (эмпири-калық) диагноз, соның негізінде практикалық шешімдер құра-лып, белгілі бір ерекшеліктерді немесе симптомдарды атаумен ға-на шектеледі.
Екінші саты – этиологиялық диагностика, ол тек белгілі бір симптомдарды ғана емес, оларды тудырған себептерді де есепке алады. Осы жерде қателіктерге ұрындыратын едәуір қиын-дықтарға кезігеміз.
Үшінші саты – типологиялық диагностика, тұлғаның типін анықтауда осы ұғымның динамикалық мағынасын қолданады. «Даму үрдісі үнемі белгілі бір жоспар бойынша ашылады, белгілі бір тип бойынша жүзеге асады, басқаша айтқанда, жеке-дара жағдайлардың алуан түрлерін типтік жағдайлардың белгілі бір санымен салыстыруға болады…» (Выготский, 1983, 318 б.)
Диагноздың аталған деңгейлерін альтернатива ретінде тү-сінуге болмайды. Ол тек танудың түрлі сатылары ғана.
Диагноз бен болжамда тұлғаның тек теориялық үлгілері ғана есепке алынбауы қажет. Қоршаған ортаның, нақты жағдайлардың өзгешелігін талдау қажет. «Біз «жалқау баланың» кім екенін, егер кімнің, қандай әлеуметтік жағдайда, кімге және қандай негізде осындай анықтама бергендігі жайлы білетін болсақ қана түсінеміз» (Обуховский, 1981, 50 б.)
Жеке-дара – психологиялық тәсіл әлеуметтік-психологиялық тәсілмен толықтырылуы керек.
Психодиагностикалық зерттеу алынған нәтижелермен, ауру терапиясының қолайлы әдістерімен, реабилитациямен және т.б. байланысты жүзеге асыруды қажет ететін әрекеттер бағдарламасын құрастырумен аяқталады.
Диагностикалық зерттеудің қорытындылары түсіндіруші ұғымдар ретінде ұсынылуы қажет, яғни арнайы терминологияны қолданып, нақты әдістемелер арқылы алынған нәтижелері емес, олардың психологиялық интерпретациясы сипатталады. Қолда-нылған терминдердің тиісті теорияға сәйкестілігі анықталуы қа-жет, мысалы «Айзенк бойынша интроверт» немесе «Роршах бо-йынша интроверт» (Обуховский, 1981).
Психодиагностикалық зерттеу жүргізудің әдебі
Өкінішке орай, отандық психодиагностиканың диагнос-тикалық зерттеулерінде туындайтын әдеп мәселелеріне аз мән беріледі.Соңғы жылдары ТМД көлемінде құрастырылған (мыса-лы, Ресейде, Украинада) психологтың әдеп кодексі жалпылама түрде, бастысы – оларды жүзеге асыруды қадағаланбайды. Пси-ходиагностика саласындағы шетел психологтарының, маман-дардың жұмыс тәжірибесі тесттерді басып шығару және қол-дануда көптеген әдеп мәселелеріне кезігеді. Америкалық психо-логиялық ассоциацияның қабылдауымен шыққан психологтың практикалық, оның ішінде психодиагностикалық іс-әрекетін рет-теудің нормативтік-құқықтық нормаларын үлгі етуге болады (то-лығырақ А.Анастазиді, С.Урбинаны қараңыз, 2001). Шетел пси-хологтары атап көрсеткен кейбір мәселелерге тоқтала кетейік.
Тесттер «Психологиялық және білім тесттеріне арналған стандарттарда» сипатталған талаптарға, ал психологтың іс-әрекеті «Әдеп стандарттарымен және мінез-құлық кодексі-мен» реттелуі керек. Тестті қолданушы оның валидтілігі мен сенімділігі, оны қолданудағы шектеулер жайлы мағлұматы болуы керек. Тесттерді іріктеуге, алынған нәтижелерді интер-претациялауға баса мән беру керек. Кез-келген диагностикалық құрал зерттеу мақсатына сәйкес келуі қажет. Кәсіби психо-логиялық құралдарды кез-келгеннің қолдануына жол берілмеуі қажет. Компьтерленген тесттермен жұмыс жасауға ерекше талап-тар қойылады. Компьютерлік сынақты ешқашанда психологсыз өткізуге болмайтындығын есте ұстау қажет. Әдістемелерді теріс пайдалану қолданушының өзі туралы, өзінің мүмкіндіктері жа-йында бұрмаланған пікірлердің пайда болуына, көп жағдайда психологиялық жарақаттаушы ықпал етуі мүмкін. Тесттердің конфиденциалдылығына үлкен мән беріледі.
Ешбір психолог тесттердің барлығын бірдей білуі мүмкін емес, сондықтан да алдын ала дайындалу артық емес. Кейбір тесттерді қолдану арнайы білімдерді және оқытуды қажет етеді. Мысалы, Калифорниялық психологиялық сауалнамамен жұмыс жасау үшін АҚШ-да қабылданған талаптар бойынша психо-логтың лицензиясы болуын талап етеді. Зерттелінуші өзіне ұғынықты түрде тесттің мақсаты жайында, сондай-ақ алынған нәтижелердің қалай қолданылатындығы жайында мағлұматтар алуы қажет. Сонымен қоса, ол тесттің нәтижесін білуге құқылы.
Психодиагностика саласындағы маман адамдармен жұмыс жасап қана қоймайды, оның оларға ықпал ете алатын үлкен мүмкіндіктері бар, ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Біздің зерттеулеріміздің зерттелінуші үшін тұлғалық мағынасы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Осыдан психологтың кә-сіби әдебінің маңызды талаптарының бірі – тұлғаға моралдық зиян келтірмеу. Психологиялық диагностикада «айдар тағу», зерттелінушіге жоғарыдан қарау тәрізді мәселелер мүлдем бол-мауы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *