1. Тест түсінігі. Тест түрлері
2. Компьютерленген және компьютерлік тесттер
3. Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері
4. Шетел тесттерін бейімдеу
Тест түсінігі. Тест түрлері
Тест дегеніміз (ағ. тілінен test – сынақ, тексеру) – нәтижелері сандық және сапалық бағалауға жататын, көбіне тапсырма орындау уақыты шектелген және тұлғаның индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін, белгілі бір формадағы белсенділікке ықпал ететін стандартталған тапсырмалар.
Білімнің алуан салаларында кеңінен тараған «тест» тер-минінің тарихы тереңде жатыр. Р.Пэнто мен М.Гравитцтің айтуы бойынша (1972) «тест» сөзі ежелгі француз тілінен шыққан және «кесе» сөзінің (лат. testa – саз балшықтан жасалған құмыра) синонимі болып табылады. Ол сөзбен алхимиктер сынақ жасау үшін қолданған күйдірілген балшықтан жасалған кішігірім ыдыс-тарды атаған.
Қазіргі заманға жақын «тест» терминінің мазмұны XIX ғ. қалыптасты. Психодиагностикада тесттерді классификациялау-дың алуан түрлері бар. Олар тесттер тапсырмаларын қолдану ерекшеліктеріне қарай вербалдық тесттер және практикалық тесттер, зерттеу процедураларының қалпына қарай – топтық тесттер және индивидуалдық тесттер, бағытына қарай – қа-білеттер тесттері, тұлға тесттері және жекелеген пси-хикалық қызметтердің тесттері, ал уақыт шектеуінің болуы немесе болмауына байланысты – жылдамдық тесттері және нәтиже тесттері болып бөлінеді. Сондай-ақ, тесттер құрас-тырылу ұстанымдарына қарай бөлінуі мүмкін. Соңғы жылдары көптеген тесттер компьютерлік ортаға бейімделді (нәтижелерді өңдеу және ұсыну және т.б.), оларды компьютерленген тесттер деп атауға болады. Қазіргі заманның есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрастырылатын компьютерлік тесттер көптеп шығарылуда. Л.Ф.Бурлачук ұсынған классификация тесттің негізінде жүзеге асырылатын диагностикалық тәсілге сүйенеді.
Компьютерленген және компьютерлік тесттер
Компьютерленген және компьютерлік тесттер. Компьютер психодиагностиканың дамуының қазіргі кезеңіндегі психологтың диагностикалық іс-әрекетінің ажырамас бөлшегіне айналды. Психодиагностикаға компьютердің енуінің өз тарихы бар. Ақ-параттық технологиялардың алғашқы даму кезеңінде (1960 жж. басы) компьютердің қызметі шектеулі болатын, ол көбіне қара-пайым стимулдар мен реакцияларды тіркеумен және нәтижелерді статистикалық өңдеумен шектелді. Компьютер зерттеушінің қосымша көмекші құралы рөлін атқарады, оған ең ауыр және ең қиын операцияларды өңдеу жүгі артылды. Бірақ осы кездің өз-інде тесттерді машинамен өңдеу дами бастады.
Компьютерлік психодиагностика шетелде ақпараттық тех-нологиялардың дамуының екінші кезеңінде (1960 жж.) пайда бола бастайды. Ең бірінші кезекте диагностикалық ақпаратты өңдеудегі уақытты көп алатын процедуралар («шикі» ұпайларды есептеу, нәтижелер қорын жинақтау, тесттің нормаларын есептеу, алғашқы нәтижелерді стандарттық көрсеткіштерге салу және т.б.) автоматтандырылды. Бұл кезеңде нәтижелерді көп өлшемді талдау жүйесі дамыды.
Электрониканың дамуы машина қорларының бағасының тө-мендеуіне алып келді, ал математикалық қамтамасыз етуге ке-тетін шығындар өсті. Ақпараттық технологиялар дамуының бұл кезеңінің тұжырымдамасын былайша анықтауға болады: «Бағ-дарламалауға болатын барлық нәрсені машиналар жасауы керек, ал адамдар әзірге бағдарлама жаза алмағандарын ғана жасауы керек» (Громов, 1985). Батыстың компьютерлік психодиаг-ностикасының негізгі жетістіктері осы кезеңге жатады. Жаңа машина технологиясының пайда болуына дейін психодиаг-ностикада стандартталған әдістемелердің қомақты қоры бар бола-тын. Кейбір іріктелген сыналушылар саны миллиондаған адам-дарға жетті. Алынған ауқымды нәтижелерді жылдам өңдеу үшін компьютерлік құралдар арқылы психодиагностикалық ақпарат жинау дами бастады, арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету құралдары құрастырыла бастады. Компьютер «экспериментатор» рөлін жиі атқаратын болды.
Ақпараттық технологиялардың дамуының үшінші кезеңі (1970 жж. бастап) БЭЕМ негізінде компьютерленген психодиаг-ностикалық жүйелердің жаңа дәуірінің пайда болуына жағдай жасады, автоматтанған тест әдістемелерін практикаға енгізу үрдісін жылдамдатты, психодиагностикалық ақпараты жинау мен өңдеуді үрдістерін формализациялау мен автоматизациялаудың негізін құрды. Зерттеу барсы өзгерді, зерттелінушінің ЭЕМ қатынасы «диалогқа» айналды. Кері байланысты енгізу алдыңғы нәтижелерге қарай зерттеу стратегиясын өзгертуге мүмкіндік берді. Дәл осы кезеңде компьютерлік ортаға арнайы жасалған алғашқы компьютерлік тесттер пайда болды. Бұл тесттердің дамуы сыналушының жауап беру ерекшеліктеріне ыңғайланған тапсырмалардың болуымен байланысты бейімделген тестілеудің алғышарттарынан тұрды. Сондықтан да тесттерді компьютер-ленген немесе компьютер ортасына бейімделген компьютерлік тесттер деп бөлу орынды.
XX ғ. соңғы жылдары компьютерлер тек институттар мен зертханалар ғана емес, әрбір зерттеуші қол жеткізе алатын болды. Қазіргі кезеңде психодиагностикалық зерттеулер жылдам әрекет етуші және алуан түрлі қосалқы қондырғылары бар, аса күшті персоналдық компьютерлер базасында жүзеге асады.
Отандық зерттеу бағыты ретіндегі компьютерлік психо-диагностика 1980 жж. соңына қарай пайда бола бастайды, бірақ ол шетелдегі ақпараттық технологиялардың даму үрдісіне ілесе алмайды. Жалпы психология ғылымы осы заманғы ақпараттық технологияларды белсенді қолданушылардың алдыңғы қатарына жатпайды. Кеңес психологтарына тек 1960 жж. ғана факторлық талдау тәсілдерін қолмен есептеу ұсынылған кезде, шетелдіктер осы математикалық-статистикалық әдісті 1930 жж. бастап ЭЕМ көмегімен жүзеге асыру кең қолданыла бастаған.
Бұрынғы кеңестер одағында тесттердің компьютерлік нұсқаларының пайда болуын (1980 жж. соңы) барлығы бірдей қолдамады. 1990 жж. мәскеу психологтары жүргізген түрлі әлеуметтік топтардың компьютерленген тестілеуге қатынасын зерттеу, жоғарғы деңгей басшыларының, құрастырушы-психо-диагносттардың және компьютермен жұмыс жасай алатындардың және өзін-өзі тануға ұмтылатындардың мұндай зерттеуге үлкен үмітпен қарайтындықтарын анықтады. Қарамағындағылармен тікелей жұмыс жасайтын және оларды ұзақ уақыт бойы білетін орта деңгей басшыларының жағымсыз қатынасы байқалды. Мұндай қатынас қолданушы-психодиагносттарға да (кейде оларда психодиагностика саласындағы нашар теориялық және практикалық дайындығы нәтижесі ретінде еш сынаусыз шектен тыс сенім кездеседі) және кәсіби іс-әрекетінің жемістілігі, мансабы және т.б. тестілеу нәтижелерінің қорытындысына тәуелді деп қарайтындар да кездеседі.
Дәстүрлімен салыстырғанда қазіргі заманғы психодиаг-ностикалық әдістемелердің артықшылықтарына мыналарды жат-қызуға болады:
— жүзеге асырылушы бағдарламаның өзгермейтіндігі тес-тілеу жағдайларының бірқалыптылығын қамтамасыз етеді (тапсырмаларды басқаша ұсынғанда бұған қол жеткізу қиын);
— сыналушының түрлі реакцияларынның дәлдігін және бір мағыналылығын тіркеуге қол жеткізіледі;
— сыналушы әрекеттерінің бірізділігін аңғаруға және қал-пына келтіруге мүмкіндік береді;
— психодиагностикалық қорытындылардың біртұтас қоры жеңіл құрылады, зерттелушілердің түрлі топтарына арналған эмпирикалық негізделген тест нормалары қа-лыптасады;
— тесттерді автоматтық түрде құрастыру мүмкіндіктері пай-да болады;
— психолог зерттеу барысындағы және тест құрастырудағы (бейімдеудегі) ауыр, күрделі, көп уақытты алатын жұмыс-тан босатылады;
— топтық тестілеу практикасын кеңейту және әдістемелерді тарату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі;
— нәтижелерді талдау күшті математикалық-статистикалық аппаратын қолдану мүмкіндігі артады, талдаудың жаңа процедуралары жеңілдетіледі;
— тестілеу нәтижелерінің жария етілмеуін сақтау жеңіл-дейді;
— диагностикалық қорытындыларды сақтау (магниттік құ-ралдарда) оңтайландырылады, зерттеуге кететін шығын төмендейді;
— кейбір жағдайларда шешуші мағынаға ие, тез нәтиже бе-ретін экспресс-әдістемелерді (мысалы, кәсіби психо-диагностика) өткізуге оңтайлы жағдайлар туғызады;
— тест тапсырмаларын компьютер арқылы ұсыну, зерт-телуші мен экспериментатор арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас жағдайларында туындайтын жағымсыз әсерлерді азайтады (зертелушінің қорғаныс тетіктерінің әрекетін төмендетеді, субъектке тән іс-әрекет пен түрт-кілерді диагностикалауды жеңілдетеді);
— зерттелушілерде «ойын» түрткісінің оянуы (тестті ойын түрінде ұйымдастыру), тестілеу үрдісін неғұрлым тар-тымды етеді, әрі нәтижесінің шынайылығы артады;
— түрлі әдістемелерді талдаудың концептуалдық сызба-ларының үйлеспеуінен туындайтын мәселені шешу жолдары көрінеді (мысалы, ғылыми, әдеби және тұр-мыстық лексикада қолданылатын психикалық қасиет-тердің термин-атауларының тезаурус-сөздігін құрастыру);
— сыналушынының мінез-құлқын талдауды зерттеу жүргізу барысында тікелей жүргізуге, сол жердегі жағдайға орай қалыптасқан көтпеген көрсеткіштерді есепке алуға, диа-логты уақыт өлшемінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді (бейімделуші тестілеу);
— зерттелуші қажет болған жағдайда тестілеу нәтижесі бойынша жылдам талданған кері байланыспен қамта-масыз етіледі;
— компьютерлік графика құралдары сыналушыға дина-микалық нысандар ұсына алады (динамикалық стимулдық орта), полимодалдық стимулдарды қолдануға болады;
— психодиагностикалық зерттеулерді жеке — дараландыруға да, жылдам бұқаралық зерттеу жүргізуге де қажетті жағ-дайлар жасалады;
— практикалық тапсырмаларды шешумен тығыз байланыс орнайды.
Психодиагностикалық зерттеуге компьютерді ену деңгейін бағалау үшін Хартман ұсынған шкаланы негізге алу қажет (1986).
Жоғары — Әсер ету әдістерін таңдау
— Соңғы қорытындыны даярлау
— Тестілеу нәтижелерін талдау
— Тестілеуді өткізу
Төмен — Зерттеу қорытындыларын сақтау
Компьютерді қолданудың артықшылықтарымен қоса, дәстүрлі психодиагностикада қалыптасқан «экспериментатор – тест — сыналушы» өзара әрекеттесуші жүйесіне енгізген жаңа-лықтарымен байланысты мәселелер туындатады. Сыналушыны тікелей шынайы бақылау мен жанды қатынастың жоқтығы қиындықтар мен шектеулер туындатады. Сонымен қоса, сыналушылардың 30 % «компьютерлік мазасыздану феномені» байқалған (О.В.Доронина,1993), тіпті жағдайлардың 5 % фобияға ұқсас ахуал тіркелген.
Кейбір тесттер компьютерлік жүйеге ауыстырылмайды, себе-бі ол диагностикалық сапа мазмұнының, әсіресе валидтілігі мен сенімділігінің өзгеруіне әкеліп соғады. Белгілі психо-диагностикалық әдістемені автоматтандыру арнайы тексеруді қа-жет етеді. Сондай-ақ әдістеменің компьютерлік нұсқасының сенімділігін қайта негіздеу, соған сәйкес іріктемеде ре-стандартизация жүргізуді қажет етеді. Бірнеше мысал келтірейік.
Равен тестінің компьютерлік нұсқасымен жұмыс жасау кезінде сыналушылардың әдеттегі жағдайдағы зерттеуге қараған-да төмен нәтиже көрсеткені аңғарылды. MMPI сауалнамасының компьютерлік нұсқасын ұсынғанда байқалған анық емес жауап беру тенденциясы феномені әлі күнге дейін зерттелінуде. Диагностикалық әдістеменің сенімділігін сипаттайтын нәтиже-лердің тұрақтылығы, тест нұсқасы өзгертіліп берілгенде төмен-деп кететіндігі анықталды.
Тұлғаны зерттеудің «объективтік» тесттері
Тұлғаны психологиялық диагностикалау саласында объективтік тесттерді құрастыру мәселесі бұрыннан көтеріліп ке-леді. Құрастырушылар объективтік тесттердің көмегімен тұлға туралы зерттелушінің өзі берген шынайы жауаптарын және экс-периментатордың ықпал етуіне жол бермейтін «таза» мағлұмат алғылары келеді. Объективтік тесттердің Кеттелл ұсынған классикалық анықтамасы мынадай: «Объективтік тест – ол зерт-телушіден жасырын түрде жүргізуді мақсат ететін (сондықтан да нәтижесі жалған болмайды) тест және оның көмегімен алынған мағлұматтар тестті өткізген және интерпретациялаған адамға тәуелсіз бағаланады» (1957). Тиісті тесттер көмегімен тұлға туралы объективтік мағлұмат алуға ұмтылудың теориялық негізі тұлғаның ғылыми-жаратылыстану теорияларымен байланысты.
Тұлғаның ғылыми жаратылыстану теорияларын құ-растырушылар психологияны нағыз ғылым деп санамаған, ол ашқан жаңалықтарға назар аудару қажет деп таппаған. Тұлға пси-хологиясының қазіргі ахуалын сараптай келе Айзенк Фрейдтің, Адлердің, Юнгтің, Бинсвангердің, Хорнидің, Салливеннің, Фроммның, Эриксонның және Маслоудың теорияларын жоққа шығарған. Айзенктің пайымдауынша, олардың осы заманғы жаратылыстану ғылымының үлгісіне сәйкес келмейтіндіктері бұл теориялардың негізгі кемшілігі болып табылады.
Жаратылыстану ғылымдарына еліктеуші психологтар эксперименталды психологияның алғашқы даму кезеңдерінде де болған (XIX ғ соңы мен XX ғ. басы). Тұлға психологиясын зерттеуде жаратылыстану ғылымдары, әсіресе оның ішінде физиологияның теориялары күшті ықпал етті. Физиология пси-хологиялық құбылыстарды түсіндіретін ғылым ретінде қарас-тырылды және әлі күнге дейін қарастырылып келеді. Физиология дайын шаблон-жауаптарды ұсынды, тек оларды алынған нә-тижелерге орай таңдау ғана қажет болды. Қандай да бір фено-меннің психологиялық тетіктері, себептері мен салдары туралы ойлаудың қажеттілігі болмады. Бұл психологиялық құбы-лыстарды ғылыми жаратылыстану тұрғысынан түсіндірудің «тамыр жаюына» едәуір деңгейде ықпал етті.
Психологияда тұлға теориясының жалғыз дұрыс тео-риясының болуы болмаған, болмайды да. Әрбір теорияның адам табиғатын түсінудегі өз көзқарасы бар.
А.Джеральдтың түрлі физикалық теорияларды жобалау техникалары ретінде талдауға болады деген көзқарасына назар аударуға болады. Оның пайымдауынша, біздің әдетте физика деп атайтынымыз – адамның субъективтік тұңғиығында туындайтын аффективтік және когнитивтік үрдістердің материалдық жемісі.
Шетел тесттерін бейімдеу
Бұрынғы КССР-де (1970 жж.) психодиагностиканың қалыптасуы «ақыл-ой» әдістемелерінен бастау алды. Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіптер психологиялық практикаға мұқтаж болғандықтан психологтар көптеген шетел тесттеріне ден қоя бастады. Олар орыс және басқа тілдерге аударылып қол-даныла бастады. Бұл жерде шетел тесттерін бейімдеу жұмы-сының ауыр, әрі күрделі екендігі назардан тыс қалды. Авторлары белгісіз, бірақ көптеп таралып кеткен әдістемелер «үздік тесттер» деген атаумен жинақ болып шыға бастады. Ол жағдайдың тү-зелуіне, яғни қолданушылардың психометриялық мәдениетінің қалыптасуы үшін ондаған жылдар жұмсалды.
Диагностикалық тапсырмаларды шешуге арналған тест-тер туралы ақпарат кем дегенде мыналардан тұруы қажет:
— өлшенуші құралдың мазмұны мұқият сипатталуы қажет;
— өткізілу процедурасы және алынған нәтижелер жайында мағлұматтардың болуы;
— нормалардың сипаттамасы;
— сенімділігі жайлы мағлұматтар;
— валидтілігі жайлы мағлұматтардан тұруы қажет.
Әсіресе жобалау әдістемелерін бейімдеу күрделі. Көптеген вербалдық емес тесттер туралы да осыны айтуға болады.
Д.Кэмпбелл аударудың симметриялық және асим-метриялық деп екі түрін бөліп көрсетеді. Симметриялық аудар-мада мағына да, оның қолданыстағы мазмұны да сақталады; асимметриялықта – түпнұсқаның тілі сақталады.