Манипулятордың жеке тұлғалық ерекшеліктері.

Манипулятордың жеке тұлғалық ерекшеліктері.

 

Манипуляция – айла, амал, басқалардың өзіне қатысын реттеп отыру.

Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған.

Ал Э.Шострдың ең танымал еңбегі «Анти-Карнеги» деп аталады. Осы еңбегінде «Манипулятор» (айлашыл, қулықпен күн көретін) деп аталатын адамның әлеуметтік ортадағы көрініс беретін қасиетінің ішіндегі өзгелермен қатынас жасау ерекшелігіне байланысты типологияны келтірген. Бұл типтегілер қалау да болса жағдайды өзіне бағындыру жолдарын іздейді.

Э.Шострдың айтуы бойынша адам Манипулятор болып туылмайды. Нарықтық қатынасқа икемделу барысында әр адам өзін қоршағандарды қулықпен алдап-арбап, өзіне бағынышты етіп алуға тырысады. Сондықтан, қарым-қатынастағы Манипулятордың негізгі мақсаты басқаларға өзін беделді етіп көрсету және оларға өз өкімін жүргізу. Сонымен қатар өзі де беделділерге бағынғанды қажетсінеді. Манипулятор көрсеткіштері әрқайсымызда жеткілікті. Оның қайсысы басым екенін байқап көрейік. Оған қарама-қарсы бағыттағыларды актуализаторлар – мән берушілер деп атаған.

Манипулятор типтері:

Өктемшіл (диктатор) — өз айтқанын орындатқысы келеді, бұйрық беруге, беделділердің сөздерін келтіруге құмар. Оның түрлері: Бастық, Босс, Шеф…

 Жігерсіз – (өктемшілге қарама-қарсы) өзіне өзі басшылық жасай алмайтын адам (тряпка) – диктатордың құрбаны, көлеңкесі. Оның түрлері: «Хамелеон», Ақымақ, Конформист, Ұялшақ, Жасқаншақ.

Есепшіл — өзгелерді алдап, алдап, өтірік айтып күн көреді. Түрлері: Аферист, Пысықша (деловой, тек өз пайдасына шешетін), Құмарпаз, Рекламщик, Бәлеқор.

Жабысқақ – (есепшілге қарама-қарсы) тәуелді болғанды ұнатады, беделділермен байланыстары бар екеніне мақтанады, өзгелер жетелеп, алдап, арбап жүргенді қажетсінеді. Түрлері: Арам тамақ (жатып ішер, паразит), Уайымшыл, Басқаларға арқа сүегіш (иждивенец), Дел-салдық (ипохондрия – дене көтере алмайтын ауру), Дәрменсіз (беспомощный).

Хулиган — өзінің агрессивтілігін мақтанышпен көрсеткісі келетіндер. Түрлері: Қорлаушы, Жексұрын, Гангстер, Қауіп төндіретін, әйелдерде – қазымырлық (тілі сүйектен өтетін).

Жарқын жүзді – (хулиганға қарама-қарсы) ізеттілігіне көңіл аудартады, барлық уақытта утысқа ие болады, оның ақ көңілділігінен жексұрынның тікмінездігі жақсы. Түрлері: Жағымпаз, Өкімет адамы, Өсиетші, Тілектес.

Әділ қазы (судья) – ешкімге сенбейді, баршаны кінәлайды, кешіруі өте қиын. Түрлері: Білгір, Бағалаушы, Әшкерелегіш (обличитель), Кекшіл, Дәлел жинағыш, Кінәны мойындатқыш, Айыптағыш.

Қорғаушы — әділ қазыға қарама-қарсы көрсеткіштермен сипатталады. Кешірімді екендігін анық байқатады, жұмсақ мінезді және түсінгіштігімен басқалардың тәртібін төмендетіп, өзіне бағыныштылардың өсуіне кедергі жасайды. Өз жұмысын орындаудың орнына өзгелерге қамқор болып жүреді. Түрлері: Ұябасар (шөжелі тауық), Жұбатушы, Жебеуші (құпия қамқор), Жәрдемші, Шәкірт, Жанкешті (самоотверженный).

Тұлғааралық қатынаста Манипуляторлардың осы типтердің біреуінің көрсеткіштері аса дамыған, кейде бірнешеунің көрсеткіштері қатар келеді.

Манипулятордың өмірлік философиясын келесі төрт ұғымдармен жеткізуге болады: өтірікшілік, жете түсінбеушілік, қадағалаушылық, шектен шыққан арсыздық.

Манипуляторға қарама-қарсы сипаттағы тұлғаны актуализатор деп атайды. Актуализатордың кредосы: шыншылдық, түсінгіштік, бостандық және сенім білдіру.

 

9. Сенсорлық типология

1.   Юнг ұсынған жеке тұлға типологиясы негізіне алынатын көрсеткіштер.

2. Жеке тұлғаның сенсорлық (сезімталдық) ерекшеліктеріне байланысты типтерді анықтау.

Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың (талдауыштардың) қызметіне байланысты типология жасағанда оның әлеуметтік ортада болып жатқан құбылыстарға әсерленетіндігін, қарым-қатынас ерекшелігін есепке алынған: Психоәлеуметтік типтерді жасауға Юнг ұсынған типология негіз болады.

К.Юнг тұжырымдамасы бойынша адамдардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлық ерекшеліктері ерте қалыптасатын жоғары бағалап, басшылыққа алатын, жақсы көретін құндылықтары. Оның төрт негізгі түрі бар:

  • біріншісі – адамға қуат беретін энергия көзі – экстраверттер үшін ол сыртқы орта, ал интроветтер үшін өзінің ішкі дүниесі;
  • екіншісі – қоршаған объективті болмыс туралы мәлімет көзі – күнделікті болып жатқан, сезім мүшелеріне әсерін тигізіп жатқан мәліметтерді бірізділікпен, сөзбе-сөз қабылдау (сенсорлық-түйсінгіш) немесе өз ойына, ішкі сезіміне сүйене отырып жинақтау (сезімталдық);
  • үшіншісі – шешім қабылдау ерекшелігі – объективті болу үшін барлық жағын ойластырып, ешнәрсені алаламай, әділдікпен, жоспар бойынша (логикалық-ойшыл), немесе субъективтік және тұлғааралық деңгейде, сезіміне бөлене отырып (эмоционалдық сезімге бөленгіш);
  • төтіншісі — өмір сүру, тұрмыс қалпы – табандылық пен жүйелілікті берік сақтау (парасатты табанды тип), немесе ізеттілік көрсетуге құмар, жұмсақ, қарапайым, тура түсінетін, кейде күтпеген апаттай (эмоционалды қабылдайтын тип).

Осы төрт құндылықтың арақатынасына байланысты адамдарды келесі көрсеткіштер бойынша типологиялық мінездеме беруге болады:

  1. экстраверсия – интроверсия;
  2. рационалдық (ақыл-ойға сүйенетін) – иррационалдық (жасқаншақ);
  3. ойшыл тип (логик) – эмоционалдық тип (этик);
  4. түйсінгіш тип (сенсорик) – сезімтал тип (интуит).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *