Шығармашылық даму факторларына қатысты аса маңызда жайттың бірі — интеллектілік табыстылыққа жетуде ерекше рөл атқаратын білімдер және тиісті салада мамандануға бағытталған ауқымында тәжірибе мен оқытудың нәтижесі болып табылады. Мысалы, шахматта, сәулет өнерінде, физика саласындағы ғылыми жұмыста т.б. салада жеке тұлғаның жеткілікті шамада саналы түрде мақсатқа бағытталған практикасы болып табылады. Сонымен қатар шығармашылық дамуға негіз болатын нәрселер, біріншіден, тұлғадан өзінің жеке мүмкіндіктерін жетілдірумен байланысты еріктік күш-жігерді, күш жұмсау мен уақыт шығынын талап етеді. Екіншіден, бұл зерттеулер интеллектілі дарындылықтың кейбір механизмдерін түсінуге мүмкіндік беретін ерекше түрде ұйымдасқан ұғымдық тәжірибенің жеткілікті мөлшерде жинақталуымен, тәжірибенің әр түрлі компоненттері қалыптасуымен байланысты.
Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Қабілеттілікті жан-жақты зерттеген В.М.Теплов берген анықтама бойынша қабілеттілік дегеніміз жалпы және арнайы білім деңгейі. В.М.Теплов қабілеттілікті зерттеу негізінде жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері қойылған. Олар туа біте көрініс беретін тұрақты қасиеттерге жатады. Олар:
а) жүйке қызметінің күші – ұзақ уақыт қарқында жүретін, жиі қайталанатын жүктемені көтере алуы;
б) жүйке жүйесінің тежелуге қарсы тұруы (тітіркендіргіштің ұзақ уақыт ішінде жиі тигізетін әсерін көтере алатындығы).
В.М.Тепловтың айтуы бойынша қабілеттілік деген ұғым үш құрамды бөліктен тұрады.