Қабілет түрлері

Қабілет түрлері

 

Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек философы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Ол адамның қабілеттілігін жан дүниесінің ерекше қасиеті деп біліп, қабілітті адам барлық іс-әрекет түрлерін тез үйреніп сапалы орындайтыны осы қасиеттің негізгі көрсеткіші деген. Қабілеттілікті ежелгі зерттеушілердің барлығы табиғи, ата текке байланысты тұқымқуалаушылық қасиеттерге жатқызған.

  Қабілеттің тек тұқымқуалаушылық қасиет деп түсіндіруді ең бірінші болып сынағандар ағылшын ғалымы Дж.Локк және француз материалистері. Олардың айтуынша жеке тұлға ерекшеліктері тек қана қоршаған әлеуметтік ортаның жағдайларына байланысты, сондықтан баланы жастайынан оқытып, тәрбиелесе олардың барлық адамдық іс-әрекет түрлеріне ерекше қабілеттілік көрсетуге шамасы келеді, сондықтан тәлім-тәрбие баршаға бірдей болу керек деген.

Барлық психологиялық зерттеулерде қабілеттілікті адамның көптеген жеке даралық ерекшеліктерін анықтайтын қасиет деп көрсеткен. Сонымен қатар қабілеттілікке берілген анықтамалардың саны көп. Оларды жүйеге келтіріп талдау үшін келесі анықтамаларға тоқтап өту қажет:

1 – қабілеттілік – жеке адам психикалық процестері мен жағдайларының ерекшеліктерін көрсететін қасиет (жанының).

2 – қабілеттілік дегеніміз – арнайы және жалпы білімді өте жоғары деңгейде меңгеру нәтижесімен байланысты адамның көптеген іс әрекеттерге икем болып шеберліктің тез қалыптасуы. 

3 – қабілеттілік дегеніміз адамның іс-әрекетті тез меңгеріп оны сапалы орындауы.

Қазіргі кезде қабілетті зерттегенде ерекше көңіл аударылатын мәселе шығармашылық қабілет болып отыр және бұл мәселе психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан келе жатқан құпия қасиет деген пікір қалыптасқан. Құпияның сырын ашу кілтін табу философия, психология, педагогика ғылымдарының бір міндеті болып табылады. Ол қасиетті әр саладағы зерттеу жүргізетін ғалымдар түрліше түсіндіреді. Шығармашылық қабілет – адамның әлі ешкім білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.  

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Ал, бүгінгі күрделі жануралар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі  ойшылдардың  назарында болған. Ежелден– ақ ойшылдарымыз  Жүсіп  Баласұғын,  әл-Фараби, Абай Құнанбаевты ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке  басын, қабілеттерін  дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінде шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *