Маслоу концепциясы.
Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин әр түрлі жағдайдағы мінез-құлық днамикасын түсіндіре отырып мотивация механизмінің түйсіну, қабылдау процестерімен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл болжамды одан әрі жалғастырған А.К.Маркова биологиялық қажеттіліктердің мотивациялық жүйенің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға үлкен үлес қосты. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап мотивацияны түсіндіру теорияларын көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. Олардың теориясы бойынша адамның іс-әрекетіне негіз болатын нәрсе ол қажеттіліктер жүйесі. Олардың ішінде ең танымал және қазіргі кезде кеңінен пайдаланылатын А.Маслоу ұсынған қажеттіліктердің иерархиялық пирамидасы. Бұл концепция бойынша мотивация пирамидасының фундаментінен бастап жоғары қарай қарастырса онда келесі тізіммен көрсетуге болады:
1.физиологиялық (органикалық) қажеттіліктер (өмір сүру үшін ең керекті тамақ, тұқымын жалғастыру сияқты қажеттіліктер көрсетілген);
2. қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі;
3. өзгелермен бірге болу, қырында болу, ұнау және ұнату қажеттілігі;
4. табысты болу, құрметке бөлену қажеттілігі;
5. танымдық қажеттіліктер;
6. эстетикалық қажеттіліктер;
7. өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі.
Жоғарыда аталған ғалымдардың басым көпшілігі мотивацияны зерттегенде жануарларға және адамдарға тән ортақ көрсеткіштерді тауып, сонан соң тек адамдарға тән мотивациялық жүйелерді бөліп көрсететін. Өткен ғасырдың екінші жасртысында Дж.Доллард, Д.Аткинсон, Г.Заккаузен, Х.Хекхаузен, В.Г.Асеев мотивацияны түсіндіретін бірнеше концепциялар құрды. В.Г.Асеев айтуы бойынша олардың барлығына ортақ ойларды келесі баптармен көрсетуге болады:
1. Жануарлар мен адамдардың мінезі мен жануарлардың қылықтарына негіз болатын мотивацияны ортақ концепциямен түсіндіру мүмкін емес деп табуы.
2. Жануарлар инстинктінің орын алуына негізгі себеп болатын ішкі қысымның төмендеуі адам үшін ешқандай мотивациялық рөл атқармайтындығы.
3. Белсенділік адамның табиғатына тән нәрсе және оның белсенділік көрсетуіне негіз болатын мотивация оның психикасымен байланысты деп табуы.
4. Адамның мінез-құлқында бейсаналық пен қатар саналы әрекеттердің жетекші рөль атқаратындығын мақұлдауы.
5. Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуде тек адамдарға тән ерекшеліктерді белгілейтін ұғымдарды ендіруі (әлеуметтік қажеттіліктер, әлеуметтік мотивтер ұғымдарын ұсынғандар Д.Аткинсон, Г.Хеккаузен), өмірлік мақсаттар (Ю.Роттер, Х.Хеккаузен).
6. Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуге жануарлар рефлекстерін зерттеуге пайдаланатын әдістерді қолдануды қолдамай, оларды адам мотивацияларын зерттеуге падалануға толық тиым салу (қоректену рефлекстерін, тоқпен ұоғыжу және басқа физикалық жәбірлеу әдістерін пайдалану).
7. Адам мотивацияларын зерттеуге тек адамдарға арналған және тілмен байланысты арнайы әдістемелер жасап шығару жолдарын іздеу.
Қорыта айтқанда адамның іс-әрекетіне негіз болатын себептер жүйесі өте күрделі:
А) органикалық себептер – адамның табиғи қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (қоректену, баспана болу, киімі болу);
Б) функционалдық себептер – қамқорлықты қажет ету себептері, қарым-қатынас жасау себептері, оқу, мамандық алу;
В) материалдық себептер — өзі өмір сүретін ортадағы талаптарға сай материалдық байлықтарға ие болу;
Г) әлеуметтік себептер — әлеуметтік ортада лауазымды орындарға ие болу;
Д) рухани себептер — өзін өзі тәрбиелеп, салауатты өмір сүру, білімін жетілдіру, жан-жақты дамыған болу…