Қазіргі кездегі зерттеулерде мінездің «динамикалық аспекті» деген ұғым кеңінен пайдалануда: жалпы белсенділік, моторлық көрсеткіштері және эмоционалдықты бағалайды. Ал темперамент (психологиялық мағынада) — ол әр жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін динамикалық қасиеттері.
Жүйке жүйесі күшті, сабырлы, белсенді балалар (сангвиниктер) әдетте жоғары белсенді болады. Олар шапшаң және жұмысқа тез кіріседі, сабаққа белсенді қатысады, сұрақ қойғанда жауап беру үшін қолын созады, қызметтің жаңа түріне жеңіл ауысып, көп уақыт шаршамай жұмыс істей алады.
Жүйке жүйесінің күшті, мазасыз, инертті түріне ие балалар (холериктер) белсенділігінен гөрі реакцияшылдығы (тез ашулану, ызалану т.с.с.) басым болуымен ерекшеленеді. Олар сабырсыз, күйгелек, өзді-өзі ұстай алмайтын тынымсыз болып, қызметтің жаңа түріне оңайлықпен ауыса алмайды. Алайда, мұндай бала қызықса, жеңіл және ынтызарлықпен жұмыс істейді, ал егер оған бірдеңе ұнамаса, ол бірден «өшеді». Бұл балалардың жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз.
Жүйке жүйесінің күшті, сабырлы, инертті түріне ие балалар (флегматик-тер) көңілін баяу аударып, жұмысқа қиын және ұзақ кіріседі. Көңіл бөлсе, олар ұзақ және тынымсыз жұмыс істейді, бірақ бірден дағдылана алмайды.
Жүйке жүйесі әлсіз балалардың (меланхоликтер) белсенділігі төмен, олар-дың үні сабақта да, қоңырауда да естілмейді. Олар қол созып жауап бермейді, өте ұялшақ болады, баяу қозғалады, кішкене қиыншылық олардың көңілін бөледі, елеңдемей жұмыс істей алмайды, тез шаршайды. Демек, жұмыс істеу қабілетінің динамикасы бұл балаларда нашар.
Қазіргі кездегі темперамент анықтамасы: психикалық құбылыстардың динамикалық мінездемесі.
- Темпераменттің көрініс беретін үш аспектісі анықталған: жалпы белсенділігі, моторлық сфераның ерекшелігі және эмоционалдық қасиеттерінің ерекшеліктері.