Рухани қызығу

Рухани қызығу адамның жоғарғы дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен математикаға, физикаға, химияға, биологияға, философияға, психологияға тағы басқаларға деген танымдық (сөздің толық мәнінде) қызығулар. Бұған сондай-ақ, әдебиетке және өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығулар да жатады.  Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдаструшылық іс-әрекетке деген мүдделерде білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар күшін жұмсайтың адамдар аз емес (олардың ішінде оқушылар да бар). Олардың қуанышы мен реніші көп ретте қоғамдық істің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.

Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз-іс-әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және творчество процестеріне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз-іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе, ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар. Жеке адамның белсенді де жемісті іс-қызметі үшін тікелей және жанама қызығулардың дұрыс арақатнасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті, еңбек процесінің қзін сүйетін болса, онда ол белсенділік  танытады, іс-қызметке шығармашылықпен қарайды және еңбектің нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығудың мұндай үйлесімі  болғанда адам көп қанағат табады.

Қызығудың әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бөледі. Самарқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, копьютерлік ойындарға қызығу, өнер туындыларына қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны менгеру және қызықтыратын салада творчествомен айналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз — нәрменді қызығу, мұндай адам көріп-білумен ғана шектелмейді, өзі таңдаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу – жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі.

Жеке адам термині кең мағынада қолданғанда оған сипаттама беру үшін келесі ұғымдар қолданылады:    I.Монтивация — адамның іс әрекетінде және мінез құлқыда тұрақты көрініс беруге түрткі болатын бағыт беретін белсенділікті қамтамасыз ететін түрткілер мен себептер жиынтығы.   II.Темперамент — психиканың адам табиғатына (генотипіне ) байланысты  юарлық психикалық процестердің динамикасының көрсеткіштері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *