Сана мен бейсаналының арақатынасы.

Сана мен бейсаналының арақатынасы.

 

Адамзат  қоғамы  мен  адамның   арнаулы  сипаттамасы,  сапасы  бар,  олар  өзінің  меншікті  заңы  арқылы  дамиды.  Сана  және  еңбек  адамзат  қоғамының  арнаулы   сапасы,  оның аң,  жануар  әлеміне  мүлде   ұқсамайтын  ерекше  сапасын  анықтайды. Аңдарда  да  еңбек  ету  көріністері  байқалады.  Мәселен,  олар  өзіне    ұя  немесе  балаларына   тікелей  қажет  болғанда  ғана жсайды. Адам   болса,  әртүрлі  дүниелерді  дене  күшінің  еркінен   тыс, саналы  түрде  орындайды.

Сана   —  адамды  аңдардан  ажырататын  аса  маңызды  элемент.  Адам  жасаған  ісінің  басым  көпшілігін   саналы  түрде  істейді,  яғни  өзінің          іс-әрекеті  арқылы  алдын – ала қойылған  мақсатты  жүзеге  асыруға  ұмтылады. Дегенмен де адамдар   кейбір  іс- әрекеттерді  санаға  сіңіріп жатпай –ақ   инстинкті  түрде   іске  асырады.  Аңдардың  іс — әрекеті  барлық  уақытта  санасыз  және  инстинкті  болады.   Ең  олақ  шебердің   өзі  жануарларға   қарағанда  қолға  алған  ісін  әлдеқайда  жақсы  атқарады.  Сондықтан  да  адамның   санасында  өзі  жасайтын  заттың  идеалдық  бейнесі  болады,  яғни   бұл  өндіріс  процесінің  сол  процесті  таратудағы  түпкілікті  нәтижесі  деп  айтуымыз  керек.

  Дегенмен  аңдардың   іс — әрекетінде  ешқандай  сананың   элементі  болмайды  деп   айту  да  қате  ұғым. Аңдарда  да  сананың  есте  сақтайтын    элементі  бар.  Аңдардың  барлық  әрекеті  биологиялық  инстинкт  арқылы   іске  асырылатындықтан  олардың   іс — әрекеті  сана   арқылы   шарттандырылмаған.

  Адамдық  сана,  мақсаттылық  сипат  еңбек  құралын  жасау  процесінде  көрінеді.  Ойшылдар: « Адамдарды  аңдардан  санасына,  дініне  қарай  ажыратуға  болады.  Олар  өздерін   аңдардан    өмірге   қажетті  құралды  жасай  бастауымен –ақ  ажыратылады», — деген  болатын.  Адам  табиғатты   өзгерте  отырып,  соған  орай  өзіңде   өзгертеді. Оның  ішінде  еңбектің  нәтижесінде,  ең  алдымен  еңбек  құралын жасау  арқылы  адам  және  қоғам  қалыатасады,  соның  арқасында  адам  санасы  қалыптасады.

  Адам  қоғамы  мен  аңдар  қауымдастығының   арасындағы  айырмашылық  сонымен  қатар  адам  еңбегінің  және  өндіріс қатынасынын  саналы көрінісі  арқылы  сипатталады.  Бір  нәрсені  өндіру  үшін  адамдар  белгілі   бір байланысқа  және  қатынасқа  енеді,  тек  сол   қоғамдық   қатынастың   және  байланыстың    көлемінде  ғана  олардың   табиғатқа    қатынасы   өмір сүреді,  өндірістің  орны  болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *