Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).
Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы
2. Іс-әрекет теориясы.
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.
4. Үйрету теориясы
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:
- Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.
- Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).