АРАЛТОҒАЙ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Аралтоғай ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы-Комсомол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде, Ырғыз өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1957 жылы іргесі қаланған. Тұрғыны 3 мыңға жуық (1996);Ауылда орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана, балалар бақшасы бар, шаруа қожалықтары құрылған.