ДЖЕК ЛОНДОН
МЕКСИКА ҰЛЫ
Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқын сездіргендей. Шындығында бұл қауым үшін Ривера бөрі аузына тасталған жетім лақпен парапар еді. Өйткені оның қазіргі қарсыласы атышулы азулы боксер Дэнни болатын.
Жас мексикандық өз бұрышына жайғасып, қарсыласын күтті. Әр минут жылдай созылып, баяу жылжиды. Дэнни өзін ұзақ күтуге мәжбүр етті. Тісқаққан жырындының бүл қағидасы темірқанат боксшының талайының-ақ сабырың сарқып, көңіліне қорқыныш ұялататын, жүйкесіне тиетін.
Ривера өзінің бұл айқаста қалай да жеңуі керек екенін бір сәт естен шығарған жоқ. Оны осы айқасқа итермелеген ұлы күштің сыры зал толы көрермендердің бірінің ойына да кіріп шықпайды. Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді. Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін екенін терең түсінеді. Оның көз алдына бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-кекке толы бейнесі ап-айқын елестеп өтті.
Қым-қиғаш көріністер. Компания ләпкесі алдындағы алаң, сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың төбесінде қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо Мартинес пен Порфирио Диастың солдаттары, қанды қырғын… Осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай, жазықсыз төгілген адам қаны мәңгі тыйылмастай көрінеді… қаралы түн, қапас түн! Сол түн құшағында тағдыры үшін тартысқан жандар мүрдесі Веракруске жөнелтіліп, акулаларға жем болып жатыр. Өліктер арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап өлтірген ата-анасының парша-парша мәйіттерін ғана тапты. Әсіресе кеудесін баса тау болып үйілген өліктер астынан басы ғана көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы… тағы да солдаттар винтовкасы ажал оғын қардай боратты. Сол оқ астымен аш күзендей бүгiле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі уланған қасқырдай аласұрады.
Дауыл толқытқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар дауылы бес минут бойы дүрілдеп тұрды. Ал Ривераға ешкім назар да салмапты. Тіпті ешкім оның осы жерде бар-жоғын білмейтін, білгісі де келмейтін тәрізді. Зал тағы да ду қол соқты. Дэнни қарсыласына карай беттеген еді. Ол еңкейіп, Ривераның оң қолын екі қолымен алып, зілдене, жай сілкіді. Содан соң бетін Ривераның бетіне тақай қүлімсіреді. Оның осы бір қалпы көрермендерді таңғалдырып, таңдайларын қақтырды. Ол дәл қазір қарсыласымен емес, туған інісімен кездесіп тұрғандай еді. Көпшілік солай ұғынды. Дэннидің қимылдаған ерiндерiнең оның сөйлеп тұрғанын байқап, не деп тұрғанын есітпесе де, әйтеуір бір ыстық лебіз білдіріп жатқан шығар деп жорыған көрермендер тағы да дабырласып, өздерінше дән риза болысып жатыр. Дэннидің сабырың тек Ривера ғана айқын есітті.
— Әй, Мексика жігіті, — деді ол езуіне мысқыл күлкі үйірген қалпы, ысылдай сыбырлап, — қазір сенің кеудеңнен жаныңды суырып аламын!
Ал Дэнни шешінген кезде әлгілер «пах» деп таңдана таңдай қақты да қалды. Шынында да оның серіппедей бұлтылдаған шақпақ еттерінен дүлей күштің лебі есіп тұр еді. Аппақ терісі жып-жылтыр, ширақтық пен серпінділік, күшқайрат тұла бойына сыймай тұрғандай. Иә, ол мұны талай айқаста айқын көрсетті де. Оның суретімен бетін шұбарламаған бірде-бір спорт журналы жоқ.
Спайдер Хонерти Риверанын тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды. Сол сияқты олар Риверанын бұлшық еттерінің әрбір клеткасының кез келген соққыға дайын тұратынын, шаршап-шалдығуды білмейтін төзімділігін де, берік жүйкесі оның денесін қуатты механизмге айналдырып жібергенін де аңғара алмаған. Көпшілік тек қара торы енді, он сегіз жастағы талдырмаш бозбаланы ғана көрді. Дэннидің жөні бір басқа! Дэнни жиырма төрт жастағы нағыз ер мүсінді жігіт. Бүл айырмашылық, әсіресе, екеуі төрешінің соңғы кеңесін тыңдап, қатар тұрған кезде алабөтен көзге түсті. Ривера осы жерде тілшілердің ту сыртында отырған Робертті көрді. Ол әдеттегіден гөрі масаңдау екен, тілі бұрынғыдан бетер күрмеле түсіпті.
— Жасқанба, Ривера, — деді ол міңгірлеп, — есінде болсын, ол сені өлтірмейді.
Ривера оның сөзін есіткен сыңай байқатпады.
— Қарашы, мына томаға-тұйық сайтанды! — деді Роберт көршісіне бүрыла мінгірлеп. Сол баяғы қырсықтығынан жазбайды.
Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол ә дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді.
Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды. Төреші боксшыларды ажыратып жіберді. Сөйткенше болмай мексикалық тағы да арқанға соғылды. Мұны боксшылар айқасына ұқсату да қиын еді. Күші басым ағаның әлжуаз ініні бөріктіріп сабағанымен пара-пар болды. Дэннидің құтырына, екiлене жаудырған жұдырығынын астынан Ривера көпшілікке әрең-әрең қылаң берді. Бір минут. екі минут өтті. Боксшылар бір сәт ажырасқан кезде ғана көрермендер көзі мексикалыққа түсті. Оның ернін былғары қолғап жырып кетіпті. Мұрнынан қан дірдектеп тұр. Алайда оның салқынқандылығын, суық көзқарасының баяғы бөз қалпында қалғанын ешкім байқай алмады. Ол чемпиондыққа таласқан талай мықтының жұдырыгына жанды нысана болған-ды. Сондағы табатын табысы жарты доллар еді. Дегенмен, сол жұдырықтар мұны асқан төзімділікке баулып, құрыштай шыңдапты да.
Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен.
Дэнни сөл есі кірген кезде барып қимылдады. Бокс жанкүйерлерінің мұндай нокаут кезінде құлатушыны қолпаштап дуылдасатыны бар ғой. Бұл жолы бәрі тілдерін жұтып қойғандай тым-тырыс. Олар істің бұлайша насырға шабатынын күтпеген еді. Зал секунд санаған төрешінің үнін іштен тына тыңдап отыр. Осы кезде масаттана сөйлеген Роберттің дауысы естілді.
— Ол екі қолымен бірдей ұра алады дегенім осы ғой сендерге.
Бесінші секундта Дэнни етпетінен аударылып түсті. Ал төреші жетіге дейін санағанда бір тізерлеп дем алып, «тоғыз» дегенде атып тұруға дайын түрды. Егер төреші «он» деген кезде тізесі еденге тиіп тұрса, оны жеңілді деп санау керек. Мұндайда тізесі еденнен көтеріле бергенде-ақ, оны тік тұрды деп санап, Ривераның тағы да ұрып жығуға еркі бар. Ривера асығыстық жасағысы келмеді. Ол тек Дэнни тізесін еденнен көтере бергенде ғана ұруға дайындалды. Ривера қарсыласын айналып өте бергенде төреші екеуінің арасына киілге кетті. Ривера оның әр секундты барынша жай санап тұрғанын біліп түр. Барлығы, тіпті мына төрешіге дейін қарсы бұған.
— Мексикалықтың соққысы неткен күшті еді? — деп сыбырлады жаттықтырушыға Дэнни. Секунданты қара борша болып жанталаса терін сүртіп, желпіп жатты.
Екінші, үшінші раундтарда көзге ұратын сәттер болмады. Айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэнни әртүрлі айлашарғымен уақыт оздырып, бірінші раундтағы қатты соққыдан есін әбден жиып алғысы келіп жүр. Бойына біткен айрықша қайрат пен мінезіндегі қажыр ғана төртінші раундта оны өзіне-өзін келтіргендей болды. Айла-шарғыны да ұмытты. Қарсыласының тыртысуың қарашы!
Дэнни жинақтаған тәжірибесіне жүгіңді. Өзіне өлгідей қатты соққы дарытпас үшін бәсекелесiп әбден шаршату тәсіліне көшті. Ривераның бір соққысына үш соққымен жауап беріп жүр. Бірақ бұл нокаутқа түсіруден гөрі кек алуға ұқсайтын еді. Қауіп талма түстан тиетін жұдырықтың дәлдігі мен салмағында ғой. Екі қолымен де қапталдан қысқа соққымен сілейте алатын мына баладан Дэнни шынымен абайлау керектігін енді түсінгендей.
Қорғаныста Ривера шабуылды сол қолымен қағу әдісін қолдануда. Қайта-қайта өз нәтижесін берген осы өдіс Дэннидің басы үшін аса қауіпті еді. Бірақ Дэнни талай көксoқтаны көрген сарабдал боксшы ғой. Сондықтан да жұрт оны алдын ала чемпионға балап та қойған. Ол ұрыс әдісін де ойламаған жерден өзгерте алатын.
Жетінші раундта Дэнни де қатты соқты. Ривера теңселіп барып, сәл құламай қалды. Есін жиғызбай Дэнни қайта үрды. Ривера кермеден асып барып, репортерлердің ортасына түсті. Олар рингке қайта итермеледі. Ривера бір тізерлей отырып ауыр дем алуда… Көрменің ар жағында бәсекелесi күтіп түр. Төреші ара түсуді де немесе Дэнниді тежеуді де ойлаған жоқ. Елеуреген жүртта ес қалмады.
Біреу өңешін жырта айғайлады. — Саудасын бітір, Дэнни!
Жүздеген дауыс ұлардай шулап, қостан кетті. Дэнни қолынан келгенін істеуге дайын тұр, бірақ төреші тоғыз емес, сегіз санағанда Ривера кенет кермеден аса секіріп барып, бәсекелесiп құшақтай алды.
Ривера буынын бекем ұстады, басының буалдырланғаны да сейілгендей. Солай болуға тиіс қой! Мыналардың бәрі арамзалар емес пе? Тағы да көз алдына манағы суреттер елес беріп өтті. Шөлге тартылған теміржол, жандармдар мен америкалық кәсіпкерлер, түрмелер мен полиция қапастары. құдық жанындағы қаңғыбастар… мұның өзі винтовка емес пе?
Өзі — революция! Ол өзінің Мексикасы үшін соғысады!
Ривера қалайда жеңілмеуге бел буды. Сегізінші раундта оның қарсыласы әуелгі соққысын қайталағысы келіп әрекеттеніп бақты. Тоғызыншы раундта жұрт тағы да тосын жайға тап болды. Боксшылар бір-бірімен жақындаса бергенде Ривера кілт шегінді де, оң қолы найзағайша жарқ ете түсті. Дэнни құлап түсті, жұрт сілтідей тынды. Дэнни ез әдісінің құрбандыгына шалынған-ды. Оң қапталдан төменнен жұмсалатын оның атақты әдісі бұл жолы өзіне жай оғы болып қайтты. Төреші тоғыз санағанда көтеріле түскен Дэнниге ол қайыра шабуыл жасамады. Мексикалық қиын жағдайға тап болғанда тырп етпеген төреші бұл жолы айқасты жалғастыруға жіберер емес.
Оныншы раундта Ривера бәсекелесіп иек астынан екі рет оңдырмай ұрды. Дэнни болса долырып кетті. Езуінде кекті күлкі ойнап, ызалана төбелеседі. Ол темірдей тегеурінімен жалтара жүріп, бәсекелесiп үш рет оңдырмай отырғызды-ау! Енді Дэнни бәсеңсіп, он бірінші раундта сыр бере бастады. Осы сәттен он төртінші раундқа дейін күшін үнемдеп, сақ қимылдады. Кәнігі боксшылардың беделіне нұқсан келтіретін, рұқсат етілмеген құйтұрқы тәсілдерді қолдануға да арланар емес. Шынтағымен бөсекелесiнiң қолғабын қысып та қалды. қолғабымен Ривераның аузы-мұрнын да басты, қапсыра құшақтап жатып, дауыстап балағаттап та қояды.
Арамза қылықтарын көре тұра төрешіден бастап, көрермендер бәрібір Дэннидің жағында.
Күтпеген қарсылыққа кездескен Дэнни ақырғы бір жойқын соққыға үміт артты. Ашынды, жалтарды. бар күшін жиып, тепелей соққыдан, тізгінді өз қолына алуға барын салды.
Білегінен әл кетпей тұрганда Дэнниден оны да күтуге болатын еді.
Раундтар арасындағы үзілістерде Ривераның секунданттарының қамқорлығы да шамалы болды. Оның ентіккен кеудесін желпуге де селқос, самарқау қимылдады. Он төртінші раундта ол Дэнниді тағы да ұрып құлатып, төреші секундтарды санап жатқанда ауыр қолдарын салбырата төмен түсіріп, сәл болса да тыныстап алуға тырысты. Қарсы бұрыштан күдікті сыбыр да құлағына шалынды. Оның дыбыс түйсігі аса сезімтал еді. Әңгіме үздік-создық естілді. Сыбыр шыққан бұрышқа жақындады.
— Солай болары сөзсіз. — Ол Майкл Келлидің дауысын естіді. Роберт мақұлдай бас изедi. — Дэннидің жеңуі тиіс… Мен көп ақша ұтқызамын…. бала сені тыңдайды. Бір амалын жасау керек…
Осы сәттен кейін Ривераны еш нәрсе алаңдатпады. Дэнниді тағы ұрып құлатты. Вуындарын босатып ентіге дем алып тұр. Роберт орнынан тұрды.
— Бітті, — деді ол. — Өзіңнің бұрышыңа тарт. — Ол жаттығу кезіндегідей бұйыра сөйледі. Ривера оған ызаға толы жанарымен жалт қарады да, еш нәрсе естімеген адамдай Дэннидің көтерілуін күтіп тұра берді. Келесі үзілісте Келли Ривераның бұрышына келді.
— Шайтан алғыр. мына қалжыңыңды доғар! Жеңіл, Ривера, болашағын үшін мені тыңда! Сені байлыққа кенелтемін… келесі жолы Дэнниді жеңуіңе мүмкіншілік жасаймын. Бүгін сен жеңілуге тиістісің!
Ривера көзқарасымен оны естігенін танытты, бірақ келісімге де, қарсылыққа да белгі бермеді.
— Неге үндемейсің? — деп ызғарлана сұрады Келли.
— Бәрібір ұтыласың, — деп отқа май құйды Спайдер Хонерти. Төреші жеңісті саған бермейді. Одан да Келлидің ақылын ал, құла да тұрма!
Шың еткен гонг дауысы Риаераның ашуын онан сайын қоздырып жіберді. Жұрт еш нәрсені байыптар емес. Өзі де бір қауіпті сезгендей, бірақ оның қайдан келгенін білмеді. Дэнниге баяғы кеудемсоқтығы қайтып оралғандай.
Ол дауыстап балағаттап алды да, Риверра ұмтылды. Риверра шегіншектей берді. Рұқсат етілмеген ұрдың деп жала жабылмас үшін кеудеден төмен көздемеуге бел буды. Бұл жеңіске жетер жарты мүмкіншілікті жоғалту болса да, оның алыстан соғып қана таза жеңіске жететініне көзі жетті.
Ривера соққы үстіне соққы алды. Жқдырық жаңбырша жауды, мейлі, тек кеуде түйістіріп жақын жібермесе болғаны. Дэннидің осы тегеуріні кезінде жұрт түгел аяғынан тік тұрды. Бәрінің көздері қарауытып, естері ауған. Ешкім ештеңе түсінбейді. Тек өздерінің сүйіктісінің мерейін көріп, бар дүниені ұмытқан.
— Айқастан қашпа! — деп аласұра айғайлайды олар Ривераға.
— Ашыл, күшік! Ашыл! Өлтір оны! Дэнни, сенің ісің ақ!
Бүкіл залда салқынқанды жалғыз Ривера ғана. Темпераментке келгенде Риверадан қызуқанды ешкім жоқ, бірақ ол тасқа ұрған теңіз толқынындай шапшыған мына тобырдың жалыны оған кешкі самалдық желпуіндей ғана әсер ететін алапат дауылдарда шынықты емес пе!
Он жетінші раундта Дэннидің ойлағаны іске асқандай болды. Оның ауыр соққысы Ривераны екі бүктеді. Қолдары сылқ түсіп, төлтіректеп шегіне берді. Дэнни бақытты сәт туды деп есептеді. Бала қазір оның еркінде. Бірақ Ривера бүл айламен оны ашық қалдырып, жойқын күшпен иектің астынан ұрды. Дэнни мұрттай ұшты. Үш рет көтерілмек болды. Ривера да соққысын үш рет қайталады. Төреші оның мұнысын ешқашан бұрыс деп айта алмайтын еді.
— Билл! Билл! — деп шыжбалақтады Келли төрешіге.
— Мен не істей аламын? — деп кейи жауап берді төреші. Мен сылтаурататын еш нәрсе жоқ.
Төреші оның қолғапты қолын алып, ықылассыз жоғары көтерді. Ривераны құттықтаған ешкім болмады. Секунданттар орындық та қоймаған, өз бүрышына да жалғыз барды. Ол кермеге арқасын тіреп, кекті көзімен секунданттарға қарады, бара-бара жанары он мың жанкүйер отырған бүкіл залды шарасына сыйғызып алды. Тізелері дірілдеп, әбден қалжырағандықтан талмаусырап кетті.