Қытайбұршақ дақылына тыңайтқыштар қолдану, арамшөптермен күресу шаралары

Қытайбұршақ дақылына тыңайтқыштар қолдану, арамшөптермен күресу шаралары

 

Ауылшаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат-міндеттерінің бірі – егістік алқаптағы топырак қабатының құнарлы болуы мен оны сактау және ұдайы арттыру жолдары болып табылады. Мұндағы басымдылыққа егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауысымды егін егуді ендіру; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақтагы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық жнне минералды тынайткыштар енгізу жатады. Егістік дақылдардан тұракты және жогары өнімді жинауда ғылыми негізделген ауысымды егістікті дұрыс пайдаланғанда жақсы нәтиже алынады.

Ауыспалы егісте қытайбұршақ отамалы дақылдардың арасында орналастырылады. Дегенмен қытайбұршақты күнбағыс пен жүгеріден кейін егу ұсынылмайды, себебі бұлар жақсы алғыдақыл болмайды. Қытайбұршақ алдын егілген немесе күнбағыс өсірілген егістікке жеті-сегіз жылдан соң орналастырылады. Өсірілген жағдайда қытайбұршақ егісі сұңғыламен қатты ластанады. Бұл дакылға жақсы алгыдақыл ретінде жаздық немесе күздік астық дақылдары, дәнді және сүрлемді жүгерілер жатады [37].

Қытайбұршақ дақылы жоғары өнімді күзде топырақты тереңге жыртқанда қамтамасыз етеді. Көктемде сүдігерді қайта жыртудың тиімсіздігін дәлелдейді. Көктемде мақсарыны себер алдында арамшөптер өркендерін жою үшін культивациялау дақылдардың өсуіне жағдай туғызады. Даққыл ерте егілетін болғандықтан, топырақты ерте культивациялау жақсы нәтижеге жеткізеді. Алматы облысы жағдайында С.Н. Прянишниковтың [38] көрсетуінше, мақсары дақылын соқаны пайдаланып 20-22см-де аударылған сүдігерге себу қажет. Мұнда тұқым себердін алдында сыдыра жыртқышпен 6-8см-де өндеу және екі-үші мәрте тырмалау қажет.

Терең жыртылған сүдігердің мақсары үшін тиімділігі мен тұқымды себердің алдында өңдеулерді жүргізу керек. Мақсарыдан алынантын өнім мол болуы үшін төменгі агротехникалық шараларды сақтау керек: ерте жыртылған сүдігерге себу, ерте көктемде жыртылу қабаты кеуіп қалмауы үшін тырмалау қажет. Талдықорған облысының ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерінде Г.С. Ақшановтың [39] тәжірибесі бойынша, қытайбұршақ себілетін танапты күзде соқамен 27-29 см терендікте жыртып және топырақты нығыздау және тұқым себудің алдында топрықа қопсытылуын және тырмалануын ұсынады.

Ылғалдылық мәселесі қуаңшылықта өте манызды деп бағаланып, топырақ қабатындағы ылғалдылық қорын реттегенде аса тиімді пайдалануға, булануды азайтуға бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге ерекше мән беріледе. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі. Дегенмен, тәлімі жерлерден өнім алу жаңбырдың мөлшері, егістіктердің сумен жақсы қамтылуына тіке байланысты. Үнемді технологиямен топырақты өңдеудің бірқатар экономикалық, экологиялық жетістіктері топырақтағы болатын әртүрлі эрозиялардың ұшырауын мүлдем жойып, қарашірік мөлшері артады және ылғалды жинау, сақтау мүмкіндігі жоғарылайды. Сондай-ақ тиімді ауыспалы егісті қолдана отырып, энергетикалық, егін шығындары азайып (30-40%), сапасы жоғары өнім алуға мүмкіндік туады.

М.Қарабаев, М.Васько [40] тұжырымдары бойынша, өсімдікті тікелей себу  және өсірудегі жалпы түсінік бойынша мынадай негізгі іс-шаралардан құралады: арамшөптерге қарсы өңдеу; тікелей егу + үстеп қоректендіру; өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.

Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен технологиясын қолданғанда төмендегідей оңды нәтижеге қол жеткізіледі:

— жауынның мөлшері аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда жерді механикаллық жолмен өңдеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды:

— жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан сақтайды;

— топырағының құрылымы нашар аймақтарда механикалық өңдеу кезінде құрғақшылықтан тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен;

— дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы.

Қазақстанның тәлімі егіншілік жерлерінде жел, су эрозиясына шалдыққан аймақтарында тікелей себу технологиясының атқаратын рөлінің болашағы зор.

Технологияның үнемді және тікелей егу жүйесінің шағын агроқұрылымдарға (фермерлерге) беретін негізгі артықшылықтарына: топырақ эрозиясы төмендейді және жарамсыздануы тоқтайды; алынған өнім құны азаяды; дақылдың еккеннен өнім жинарға дейінгі арақашықтығы барынша кемиді, бұл бірден екі өнім алуға тиімді; жерді пайдалану тиімділігі артады; өсімдіктердің су мен ылғалды пайдалануы жақсарады; топырақ кабатынынң физикалык-химиялық және биоллогиялык сипаттары жақсара отырып, топырақ құнары қалпына келеді, соның нәтижесінде өсімдіктің өнімділігі жоғарылайды; аймақта экологиялық жағдай жақсарады.

Тікелей себу тәсілінің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық-энергетикалық тұрғыдан тиімділігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтижесінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтау мен құнарлылылқ деңгейін арттыруы, топырақта су қорын тиімді жинауы және сақтауы, және басқа да ұтымды жақтарын қарастыруға болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта егістік танапты негізгі өңдеусіз мақсары дакылын тіке сеуіп-өсірудін ғылыми негізделген жүйелі жиынтығын жасау, өнімнің өзіндік құнын төмендету шаралары өсірілетін дақылдың көлемін арттырары сөзсіз.

Қытайбұршақ дақылын өсіруде тыңайтқыштарды қолдану. Бұл дақыл N, P және Ka элементтерін вегетациясының барлық кезеңінде бірдей қажет етеді. Дақыдын қорекзаттарды жалпы қабылдауы вегетативтік және генеративтік массаларының өсуіне байланысты көбейіп отырады. Аса көп қажеттілік кезеңі –гүлдену сатысы болып табылады. Осы кезеңде топырақтан барлық қажетті мөлшерден, 60% азот, 80% фосфор қышқылын және 90% калийді қабылдайды. Қытайбұршақ топырақ талғамайтындығына қарамай, өсіп-дамуында азот тыңайткышын енгізуге байланысты өнімділігі бақылаумен салыстырғанда гектарынан 9,8ц жоғарылаған. Ал, фосфор, калий тыңайтқыштарын енгізуде өнімділік гектарына 2,9ц артқан. Бұл зерттеу жүргізген аймақтың топырағы алдын анықталғандай азот аз, фосфор орта және калий жоғары мөлшерде болғанымен сәйкестелген.

Азот — өсімдік биіктігін, себет санын, 1000 дән салмағын, тұқымшадағы белок мөлшерін арттырады. Сабақтану — шанақтану сатыларында азотты көп беру майлылықты төмендетеді. Қ.Н. Жайлыбай, Қ. Бәкірұлы [41] мәлімет-терінде «Агро-Л» өсу реттегіші мен минерал тынайтқыштардың мақсары өніміне әсерін зерттеп егістікке форфор тыңайтқышы аз мөлшерде, ал азот (N90P90 кг/га) енгізілгенде және егісті «Агро-Л» өсу реттегішімен өңдегенде қосымша өнім гектарына 2,2-3,4ц болған. Азот тыңайтқышының мөлшерін N120P90 кг/га көбейтіп және «Агро-Л» өсу реттегішін енгізгенімізде дән өнімі артқан жоқ. Бұның себебі мақсары өсімдігінің көп бұтақтанып, егістің қалыңдап кетуі.  Марганец микротыңайтқышын гектарына 500 г мөлшерінде бүрку өнімділікті 1,04-1,45т-ға арттырған. Қытацбұршақ топырақ типтеріне жоғарғы талаптар қоймайды. Дақыл өсірілетін танаптарга органикалық-минералды тынайтқыш қосу дақылдың өнімділігін және сапасын жоғарылатады. Көптеген зерттеулерде егістікке гектарына 40-60кг мөлшерде азот және фосфордың беру керектігін айтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *