Қытайбұршақ сорттары мен оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы

Қытайбұршақ сорттары мен оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Оңтүстік Казақстанның суармалы жер жағдайында қытайбұршақтың ортамерзімдік немесе кеш пісетін сұрыптары өнімді болады. Аудандастырылған қытайбұршақ сорттарының шаруашылық-құнды және биологиалык қасиеттеріне тоқталатын болсақ:

Гибридный 670. Бұл сортты ҚазЕжӨШҒЗИ (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертеу интитуты) шығарған. Ортамерзімдік пісетін сорт. Даму кезеңінің үзақтығы 130-125 күн.

Дәні- ірі, 1000дән массасы 176-200г. Дән қүрамында 37,2-38 процент протийн бар. Төменгі бұршақ шанақшасының жер бетінен биіктігі -13-14см. Шанақша толық пісіп жетілгенде өздігінен екіге жарылмайды, ал бұтағы сынып, құламайды. Гектарына шаққандағы өнімнің шығымдылығы 35,6ц-ге дейін. Алматы не Жамбыл облыстарына аудандастырылған.

Казахстанская 200. Мүны да жоғарыда аталған ҒЗИ шығарған. Аталған сорт кештеу пісетіндерге жатқызылады. Өсу кезенінің ұзақтығы — 148 — 150 күн. Дәні — біршама үлкен. 1000 дәнінін салмагы – 145-165 г. Дән құрамдылығы қорытылатын протеин мөлшері — 37,2-38%. Өсімдік биіктігі — 149 — 151 см. Төменгі бұршақ шанақтарының орналасу биктігі 21см-ге деін. Шанақтары онша ажырасып кетпейді. Мол өнімді. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

ВНИИМК 9186. Бүкілодақтық майлы дакылдар ғылыми-зерттеу институты шығарған. Орта мерзімде піседі. Дәні — орташа , Ббрақ мол өнімді. Тек Жамбыл облысына аудандастырылған.

Высокостебельная 2. Бұл сортты Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді АШИ шығарған. Пісу мерзімі орта, өсу-дамуы — 127 -133 күн. Өсімдік сабағының биіктігі — 133 — 157 см. Сабағы тік жығылмайды. Жапырағы үлкен. Жасыл түсті. Төменгі бұршақ шарнақтарының орналасқандағы биіктігі 25 сантиметрге дейін. Дәні домалақ. Сары түсті. Мың дән массасы 210 г. Дән құрамында 41,4% гүлдену кезіндегі көк балаусасында — 19-20 процент дәнінің толысыу кезінде — 22 — 24 % протеин бар. Мол өнімді. Алматы және Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

Қазақстанда негізгі көп тараған қытайбұршақ сорттарына Мутантная 359, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, Аврора, Гибридная 670, Мерит жатады [28].

Қытайбұршақ тұрақты түрде дамитын және өнімділігі жоғары майлы дақылға жатады. Дәнінде, жасыл өнімінде құрамындағы ақуыз үлесінің жоғарылылығымен, жақсы ауыспалылығымен ерекшеленеді, өйткені топырақты азотпен байытады [29].

Түсімділігі. Ғылыми -зерттеу мекемелерінің зерттеулерінің нәтижелерімен, Қазақстанның оңтүстікі, оңтүстік- шығысының суармалы алқаптарынан бір гектардан 30-35 ц кей кездерде 50ц түсім берген. Түсетін таза пайдасы — да басқа дәнді дақылдарға қараганда жоғары. Қазақстандық жер өңцеу ҒЗИ -ы қытайбұршақ еккен 1 гектар суармалы алқаптан, он жылда орташа есеппен протейн түсімі 10,7ц, ал арпадан -2,5ц. Гибридная670, Казахстанская-4 сорттарынан гектарына 32,9ц өнім алса, кей кездері 40-45ц-ге депйін жеткен. Шығыс Қазақстан МАСС-ы суарылмайтын тәлім жерде ерте пісетін Хабаровская 4, Амурская 42 сорттарынан 7,3-21 ц өнімділік құраған [30].

Нәрлілігі. Қытайбұршақтың дәнінде 36-48% ақуыз, 17-26 % май және минералтұздар мен дәрумендер болады. Өсіп-өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді, өйткені амин қышқылы қүрамымен жетік қамтылған. Жалпы ақуыз қүрамымен қытай бұршақ мал өнімі өнімдерінен жоғары. 1кг қытайбұршақтың үнының құрамындағы ақуыз 2,3кг ет , 2,3кг ірімшікке тең. Құнарлығы жағынан бұл дақылдың ұны басты орынды иемденеді. Егер 100 г бидай ұнында — 360 кг каллория, арпа – 350, сұлы – 385, бүршақ – 320 болса, қытайбұршақтың ұнында — 450 кг каллория болады. Қытайбұршақ ұнының сіңімділігі мен қорытылуы жоғары. Ақуыздың қорытылуы 77-92%, майының 94 -100, көміртектілерінің79-100, ал жалпы сіңімділігі84-90%. Қытай бұршақ шроты жоғары қүнарлы, бағалы концентратталған азық. Бір кг мүндай азықта -387г қорыттылатын протеин кездеседі. Қытайбұршақтың 1ц дәнінен 75-80кг шрот (үгілген сығынды) шығады, одан 29-30 кг қорытылатын протеин алуға болады (салыстырмалы түрде; күнбағыс дәнінен 30-35кг шрот немесе 11-13кг протейн) Қытай бұршақ шроты күнбағыс шротынан жеңіл сіңімділігімен, құрамындағы құнды амин қышқылдары және дәрумендерімен ерекшеленеді. Мысалы, 1кг қытай бұршак шротында 27,8г лизин, ал күнбағыс шротында 12,8 г құрайды. Қытай бұршақтын өзіндік құны өте төмен, өйткені қытайбұршақ майының өзі бапталуына жұмсалған шығынды толығымен жабады. Қытайбұршақтың шротындағы 1т қорытпалы протейнге жұмсалған шығын, топталған азықтың өзіндік құнын 7,1-24 есе төмендетеді. Жасыл балаусасы жоғары нәрлі, 1кг-да 0,21 азықтық бірлік, 35г қорытпалы протеин және 75мг каротин болады [31].

Пайдаланылуы. Әрі азық-түлік, техникалык не малазықтық болып пайдаланатын қытайбұршақ әмбебаптығымен, көп салалығымен өзіне теңдесі жоқ дақыл. Оның дәнінен 300-ден астам өнімдер — авиациялық май және пластмасса, қытайбұршақ сүті және конфетке дейін өндіріледі. Әлемдік өсімдік майлары өнімдерінің арасында бірінші орында. Қытайбұршақтын майынан маргарин өндіру, технологиялық барысында нәрлілігі кілегей майынан да асып түседі. Дақылды кондитерлік, нан пісіру, ет өнімдері, басқада тағамдық өндірісте пайдаланады. Мысалы, ет өнімдеріне қытайбұршақ күшейткіштерін қосып дәмді және нәрлі тағамдар өндірілсе, үлкен сұранысқа ие болады. Қытайбұршақты фармакалогиялық өндірісте дәрі-дәрмектер дайындайтын шикізат ретінде пайдаланады, олар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, және диабетті емдеуде қолданады. Қытайбұршақ майын тағам ретінде қолдану гипертония және атеросклероздың болдырмауын реттейді. Қытайбұршақ майынан көп мөлшерде адам өміріне қажеттілігі сәйкес гармондар алынады. Қытайбұршақ құрама ақуыздық және дәнді азықтық сүрлемдік дақылдардың құрамына енетін таптырмайтын қоспа. Ауылшаруашылық малдарды қытайбұршақ қосылған азықпен берсе өнімділігі өсіп, мал өнімдерінің сапасы жақсарады. Мысалы, А. Байракымов [32] екі айлық бұзауларды іріктеп, оларды екі топқа бөлген, бірінші топтың құрамының 25 пайызы қытайбұршақ дәні бар кешендік, ал екінші топты ақуыз қоспасыз концентраттармен жемдеген, алты айлық жасында бірінші топтағылардың тірілей салмағы 199,6кг құрап, орташа тәуліктегі салмақ қосуы 940-1081 г болған, ал екінші топтағылар 728г.

Қытайбұршағы және биологиялық азот. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топыракты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы -ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т. әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген ақукыз түрінде тағаммен және азықпен алады [30]. 1га азот қоры-5-15мың кг, соның ішінде 1% өсімдіктер қоректенуіне жарамды, жылжымалы формалар. Осы мол қорлар, ерекше топты микро ағзалардың тіршілік барысында дәлірек айтсақ биологиялық жолмен, жыл сайын толтырылып отырға [30]. Биологиялық азоттың жер өңдеудегі маңызы зор. Ауылшаруашылық өнімдерімен жер шарында топырақтан 100-110 млн. т. азот алынады. Ал минералды тыңайтқыштар тек 12 млн. т. орнын толықтырады. Азоттың биологиялық байланыссыз ақукыздың синтезін және жер бетіндегі барлық тіршілікті елестету мүмкін емес [32]. Маңыздылығы жағынан азоттандыру процессін фотосинтез және тыныстанумен бір қатарға қоюға болады. Жер өңдеуде биологиялық азотқа Д.Н.Прянишников т.б. [33] үлкен маңыз берген: «Химиялық өндірісті толық жетілдіре отырып әрбір техникалық азотқа көбірек биологиялық азот қосу керек, яғни азот мәселесін тек химиялық өндіріспен шешу — мүмкін емес» — деп жазған. Азот жинау жолына, яғни биологиялық тәсілге көбірек көңіл бөлу қажет. Топырақта еркін өмір сүруші азот бактериялар және клостридиум бактериялардың атмосфералық азотты топырақта байлау (фиксациялау) нәтижесінде топырақ биологиялық азотпен толықтырылады. Бұршақты өсімдіктердің тамыртүйнек бактериялары арқылы да толтырылады. Ауылшаруашылық өндірістікте соңғысының практикалық маңызы зор. Бұршақты өсімдіктермен бірігіп тіршілік ету нәтижесінде олар ауадан көп мөлшерде азотты алады. «Беде, жоңышқа, люпин әр 200 мың гектар алқабы, дұрыс өңделген жағдайда, бір жылда 30 мың т. азотты құрайды, ол қуатты азот өндіру комбинатпен тең, ал суармалы жағдайда жоңышқа төрт орымда одан екі есе құрайды» [34]. Қазақстан бойынша бұршақты дақылдардың азотпен байыту туралы мәліметтер аз, алайда өнімді көбейту және ауыспалы егістікті қолдануға байланысты топырақты, ауа – райы жағдайын анықтай отырып, ауылшаруашылығы ғалымдары мен мамандарына азот жинаудың накты сандық көрсеткіштерін және бұршақ дақылдарының түрлері бойынша азотпен байытуын білу қажет. Мысалы З.М.Яковлеваның [35] сынақтарында Алматы облысының ақшыл- сарғылт топырағында және Қызылорда облысының шалғындық-сазды топырағында, сояның ауадан алған мөлшері 174-310 кг/га, сиыржоңышқа -257, шабдардың-304, пажитниктің-250, донник-257, жоңышқа-300 кг. Қызылорда облысында, тамыртүйнекті бактерияларының беделді штаммдарымен жұқтырған топырақта гектарына40кг-ға шейін азотты құраған. Қазақстандық жер шаруашылығы ҒЗИ -ы топырақты азотпен байытуын үш тәсілмен анықтаған: 1) азоттың тепе-теңдігінің мәліметі, 2) бұршақты және ақ егіс дақылдарының құрамындағы азот айырмашылығын есептеу.З) пайдаланған және пайдаланбаған өсімдіктердің азот айырмасы. Соңғысын тек қытайбұршаққа қолданған, өйткені нитрагинмен пайдаланса тамырдағы тамыртүйнек қалыптаспайды. Барлық үш тәсіл де егістік жағдайда-3,3% болады. Топырақ және тұқымнан азотты пайдалану коэффициентін пайдаланған [36]. Топырақта азоттың жиналған мөлшерін оның тамырдағы және қалдықтарынан алып есептейді. Кейде ол нақты болмайды. Нәтижесінде, біржылдық бұршақты дақылдар Іле -Алатауының етегінде ақшыл — сарғылт топырағында азотты аз мөлшерде жинаған, ал көпжылдық бүршақ тәріздес шөптер 1га/100-150кг жоғары азот қалдырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *