Дүниежүзілік егін шаруашылығында қытайбұршақ

 Қытайбұршақ еліміздің халқы үшін бағалы және келешегі бар ақуыздық өсімдік. Өсіп — өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді және барлық таптырмайтын амин қышқылдарымен қамтылған. Оңтүстік өңірінің егістік алқаптарында қытайбұршақты өсіру және өңдеу жыл сайын артуда. Себебі өсімдік құрамында кездесетін ақуыз мөлшері тіршіліктің қайнар көзі, сондай-ак адамдардың ас ішу және ауылшаруашылық малдарын азықтандыру барысында зор үлесі бар. Сондықтан ақуызды өсімдіктерді өндіруды ұлғайту шаруашылық үшін маңызды.

Дүниежүзілік егін шаруашылығында қытайбұршақ әмбебап дақыл болғандықтан, тағам, азық және техникалық максаттта пайдаланылып, экономикалық тұрғыдан тиімді және әртүрлі мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігі шешімінде маңызды рөл атқарады. Дақылдағы кездесаетін ақуыздардың биологиялық қундылығын арттыруда маңызды жұмыс – құрамында адам және мал ағзасында синтезделінбейтін амин қышқылдарды, ас және азықпен жеткізілуі қажет, мал азығын өндіру және оның сапасы заман талаптарына сай болуы тиіс. Ақуызға қажеттілік ауыл шаруашылық малының өсуімен қатар, жыл сайын  мал өнімдерін өндіретін ірі кещендер мен құс фабрикаларын өндірістік негізбен ұйымдастыру  қиындауда, өйткені мал және құстарды азықтандыру жоғарыақуызды азықты қолданусыз мүмкін емес. 

Мал шаруашылығына маңызды ақуызды көпжылдық не біржылдық бұршақты дақылдардан, әсіресе қытайбұршақтан өндіреді. Ақуыз – адам ағзасына күнделікті қажеттілікті қамтамасыз ететін құрамыһдас бөлігі. Бір елдің ауқаттылығы сол елдің әрбір адамының тәулігіне қабылдайтын ақуыз мөлшеріне қарай анықталады.Дүниежүзілік ФАО-ның мәліметі бойынша жан басына шаққанда тәулігіне қабылданатын ақуыз мөлшері 60 г-ды құраса, оның 30 пайызы ғана мал өнімдерінен алынады. Тамақ құрамында ақуыз жетіспеуінен    адам ағзасында кері физииологиялық өзгерістер жүреді, өсу және даму процестері тоқтайды, адам тез шаршап-шалдығады. Халықты ақузбен қамтуда ең алдымен өсімдік ақуызын қазіргі жағдайға қарағанда бірнеше есе арттыру қажет.  Сонымен дүние жүзінде соңғы жылдары өсімдік белогы хақындағы проблема өте жоғары сатыға көтеріліп, стратегиялық құралға айналып отыр. Жетіспейтін ақуыздың орнын толтыру бүкіл дүние жүзі ғалымдарының күнделікті тәжірибенің алдына қойылған өте күрделі, тез арада шешілуге тиіс зор міндет.

Біздің елімізде тамақтық ақуызбен қамтамасыз ету жалпы нормаға  жакын болғанмен, өсімдіктен алынатын ақуызы аз. Ал қытайбұршақ ең жоғары сапалы және өте арзан өсімдік ақуыз өндіруде басты дақылға жатады және оны зерттеу өзекті болып табылады..

. Оңтүстік өңірінде өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, жергілікті топырақ-климат жағдайына бейім, бәсекелестік қабілеті жоғары қытайбұршақ сорттары мен будандарын анықтау және осы өңірге жерсіндіру шараларын қарастыру.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:

— қытайбұршақ дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшелік-терін зерттеу;

-өсімдіктің агротехникасының ерекшелігі мен фитосанитарлық жағдайын анықтау;

— қытайбұршақты өсіруде тығайтқыштарды пайдалану өсімдік өнімді-лігіне әсерін езрттеу;

— оңтүстікке жерсіндіруге болатын отандық және шетледік сорттары мен будандарының өнімділігін анықтау;

— зерттеудің экономикалық тиімділігін зерттеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *