«Кесте толтыру»
Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:
Менің өмірім Маңызы мезеттері
Менің аты-жөнім Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы
Туған жерім, мекен-жайым -Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.
-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.
Менің жанұям -Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.
Менің ермегім (хобби) -Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.
Менің достарым -Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар, ал Алматыдағы достарымның есімдері — Мұрат, Жүніс және Сейілхан.
Өмірімнің қызықты мезеттері -Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.
-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.
Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.