Жалпы жүрек пен қан тамырларының қызметгерінің бұзылғанын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлу керек:
- малдың жасы;
- бұлшық еттерінің тонусы;
- малдың қимылы, жүрісі;
- малдың сырт бейнесі, терісінің жағдайы;
- ісіктер, тұрақтыма, болмаса белгілі бір уақытта ғана
пайда бола ма (әсірессе түнгі мезгілде); ол ұлғаяма,
ұлғайса қандай жылдамдықпен; - көк тамырлардың қанға толуы қандай:
а) кілегей қабықтарда кегерген белгі бар ма?
б) терінің көк тамырлары сыртқа теуіп, білініп
тұрама?
в) веналық қысым көтерілген бе?
д)күре тамырдың соғуы;
а)көк тамырдың дағдылы соғасы;
б)көк тамырдың дағдысыз соғысы;
в)көк тамырдың ундуляциясы.
— жүрек соғысы (түткісі), жүректің салыстырмал
дүңкілінің көлемі;
артерияның соғысы;
жүректің саздарын тексеру тексеру;
— жүрек тұсындағы шуылдар: ішкі қабатты
(эндокард), сыртқы қабаттың (перикард), жүрек пен
өкпенің қосалқы дыбыстары.
1.2 Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі
Бұл жөнінде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі біз үшін қолайлырағы Г. В. Домбрачевтың ұсынған классификациясы. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді;
1. Жүректің сыртқы қабының аурулары:
а) жүрек қабының қабынуы ( перикардиттер);
б) жүрек қабының шеменденуі (гидроперикардит) [2,5,6].
2. Жүрек етінің аурулары:
а) жүрек етінің қабынуы (миокардит);
б) жүрек етінде зат алмасуының бұзылуынан болатын ауру (миокардоз);
в) жүрек етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз);
г) жүрек етінің склерозы (миокардиосклероз).
д) жүрек қуысының кеңеюі.
3. Жүректің ішкі қабының аурулары:
а) жүректің ішкі қабының қабынуы (эндокардит);
б) жүректің ақаулары.
4.Қан тамырларының аурулары :
а) артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдап-беріштенуі (артериясклероз);
б) тамыр түтітігінің ұйыған қанмен немесе басқа бөгде заттармен бітелуі (тромбоз).
3- сурет
1.3 Емдеу шаралары
Жүрек пен қан тамырларының әрбір қолданылатын емдеу тесілдері де әртүрлі болады.
Жалпы барлық ауруларға қолданылатын емдерді белгілі бір үлгіге топтастыруға болады:
— организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін арттыру
шаралары: дұрыс орын, жұғымды тамақ, жақсы күтім.
аурудың себептеріне қарсы күресу.
аурудың дамуын тежеуге бағытталған емдер: жүрек
гликозидтері (дигаталис, строфант, строфантин,горицвет, коргликон).
— аурудың негізгі белгілеріне қарсы күресу:
Қан қысымы көттерілгенде қан алу,:
ісіктерге қарсы тер шығаратын, зәр шығаратын дәрілерді қолдану
— Жалпы жүрек пен қан тамырларының ауруларын
емдеуге қолданылатын дәрілерді 2 топқа бөлуге
болады:
4- сурет
Қойларға вакцина салу
1. Жүрек пен қан тамырларына тікелей әсер ететін дәрілер:
- жүректі қуаттандыратын (стимул беретін) дәрілер: (жүрек гликолизиттері: оймақгүл, жалынгүл, ландыш, строфант. жүректің соғу ырғағын өзгертетін дәрілер;
қан тамырларының тонусына әсер ететін дәрілер [7,8.9].
4.Организмнін басқа ағзалары арқылы жүрекке әсер ететін дәрілер:
- Нерв жүйесін қоздыратын дәрілер (кофеин, стрихнин, жень-шень тамыры).
- адреномиметикалық дәрілер (жүректі қоздыратын) норадреналин препараттары.
- холинолитикалық дәрілер ( атрофин, скополамин) – жүректің жұмысын үдетеді.
- холиномиметикалық және антихолинэстразалық дәрілер.