Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)

  1. Абцесс(этиологиясы,клиникасы,емі)

 

Жергілікті іріңді теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Өздерінің саны да көп. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), сом (карбункул), іріңдік (абсцесс), шелдің қабынуы (флегмона) аурулар жатады.

Абсцесс — деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Жоғарыда айтылған шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар кенеттен қабыну процесіне шалынған мүшенің арасында абсцесс пайда болуы ғажап емес. Мысалы, өкпеге суық тиіп, ол кенеттен қабыну процесіне шалдығып қалса, өкпе арасында абсцесс пайда болуы мүмкін. Сол сияқты жарақаттану салдарынан тері астына, ағзаларға қан құйылса және әртүрлі себептерге байланысты сол жерге микробтар түсе қалса, құйылған қан іріңдеп, бір жерге жиналып тұрып алады. Асептика заңын сақтамай, дәріні қайнатылмаған ине-щприцпен денеге енгізгенде, сол иненің ұшы жеткен жерде ірің пайда болуы мүмкін. Жарақаттану, жаралану кезінде тері бұзылып, соның астыңғы қабаттарына микробтар ену арқылы қабыну процесіне жол ашылады. Кейбір жағдайларда мал сепсис ауруына ұшырағанда қанмен бірге таратылып жатқан микробтар ағзаға қонып, сол жерлерде абсцесс пайда болуына себепші болады. Мысалы, мұндай ауруларда кенеттен өкпе абсцессі, бауыр абсцесі пайда болуы мүмкін.

      Этиологиясы. Стерптакокк, стафилакокк.

Клиникасы. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады, жұмысы болады.

Абцесстің жіктелуі:

  • Тері астылық
  • Шандыр асты
  • Бұлшықет іші
  • Кульпиярлы
  • Ыстық, суы.
  • Залалды, залалсыз.
  • Асептикалық іріңді абцесс
  • Скепиралық абцесс
  • Беткейлік, терілік

Абцесстің емі үшеу:

  • Тілу
  • Асперация жасау
  • экстрипация

  Асперация- шприцтті алып өзегі кең инені жалғап, жұмсақ жерге пункция жасаймыз. Инемен іріңді сорып аламыз. Бітеу жараны шприцпен алып сорып,антисептикалық ерітінді жасаймыз.

1.2 Шиқан сыздауық (фурункул) және көр шиқан (фурункулез)

 

Шиқан терінің жүнді, түкті жерінде пайда болады. Алтын түстес немесе ақ түрлі стафилакокк микробы терідегі жүннің түбіне, қуыс-қуысына еніп алады да, содан барып қабыну процесі басталады. Жүннің әр тал түбінен басталған қабыну май безіне шауып айналасындағы ұлпаларды да қабыну шалдықтырады. Дененің жүнді немесе түкті жерлерінде (қол және баста, сан және желке төрінде) пайда болған қабынуларды фурункулез немесе көршиқан деп атайды. Терінің қабыну процесіне шалынатын аурулардың ішінде шиқан мен көршиқан өте көп кездеседі. Мұндай аурулар дене тері тазалығының онша сақтамағандығынан пайда болады.

Патологоанатомдық өзгерістері. Ауру ең басында іріңді безеуден (пустула) басталады. Іріңді безеу құрамында нейтрофильдік лейкоциттер, стафилококк микробтары және фибрин (қанның белокты талшығы) болады. Стафилококк микробы өсіп-өніп, бара-бара төңірегіндегі ұлпаларға жайылып тері бүртіктеріне дейін жетіп, қабыну инфильтратына ұрындырмақ. Инфильтрат айналасындағы ұлпалар өліеттену, шіру жағдайына жеткенде бұл ұлпалар да іріңдей бастайды. Іріңді сұйық зат тері қыртысының қабатына жиналып, бір тал жүннің түбін іріңмен зақымдайды. Күн өткен сайын жүн талы өліксе жағдайға ұшырап, теңірегіндегі іріңдеген ұлпалармен терінің сыртына желі (стержень) тартады. Оны шиқан пісті дейді. Іріңдеген желінің сыртқа шығуына байланысты, оның орнында үнірейген жара қалады да, біраздан соң сол ара грануляциалық ұлпалармен жетіліп, ал шиқан шыққан жер тыртық боп бітеді.

 

  1. Шиқанның клиникалық белгілері

 

Терідегі жүннің бір талында және оның төңірегінде іріңді безеу пайда болып, түйін білінеді. Осы түйін әуелі шанышқылап ауырады да, сонан соң қыши бастайды. Бұл бастамасы ғана. Бір-екі тәулік өткен соң, әлгі жерде домбығу пайда болады. Ауру күшейе түседі де, терісі қызарып тұрады. Ісік ұшында ірің көрініп ұлпа қарайып, нүкте (өліксі) тәрізді боп көрінеді. Жүн талының төңірегінде пайда болған инфильтрат ұлғая түсіп, шамамен 5-6 күн, кейде 8 күннен соң іріңдеп, шіріп кеткен жүн талшығымен қоса сыртқа шығады. Соған байланысты, жара төңірегіндегі ісік кішірейіп, инфильтрат көлемі тарылады, ауру сезімі сап тыйылады. Ал көршиқанмен ауырғанда дененің жер-жерінен шиқан шығады. Ол кейде бірден пайда болады, кейде бірі жазылып жатса, екіншісі көріне бастайды. Кей кездері ондай шиқандар бірнеше ай бойы немесе жылдар бойы шыға береді. Мұндай жағдайы созылмалы немесе қайталанып келетін көршиқан ауруы дейді.

Шиқан дененің жүні жоқ жеріне шықпайды. Мысалы, шиқан ұлтан, саусақтардың іш жағына, аяқ саусақтарының төменгі жақтарына шықпайды. Шиқан жуылмайтын, кірлі жерлерге көп ұшырасады. Шиқан көбінесе иық, желке, бел және арқада, сондай-ақ сан терлерінде, құйрық, жамбас төңіректерінде кездеседі. Ал қабыну процесі, яғни іріңді ауру танау, немесе құлақ ішінде пайда болса, жануардың тынышы кетіп, ауру сезімі үдей түседі. Шиқан жануардың үстіңгі ерніне, маңдайына шықса сол жердегі домбықпа ісік біраз жерге жайылып кетеді. Шиқан жануардың бетіне, үстіңгі ерніне, танауына және танаудың айналасына, көздің төңірегіне шықса, жануардың жалпы жағдайы нашарлап, домбықса ісік тез жайылады, дене қызуы күрт жоғары көтеріліп, 41-42 градусқа жетеді. Шиқан төңірегіндегі қан тамырлары қатайып, қол тигізбейді, ауру сезімі күшейе түседі. Бет төңірегіне шыққан шиқан салдарынан сырқаттың мойын бездері шошып жануардың басын еңкейту қиынға соғады.

Шиқан ауруы жеңіл ауру емес. Ол жануар ағзасын, неше түрлі өзгерістерге шалдықтыруы мүмкін. Соның ішінде жиі кездесетіндері лимфаденит, тез байқалатын тромбофлебит аурулары. Шиқан тері астында жататын ірі күре тамырлар төңірегінде болса, бара-бара тромбофлебит, ал бет төңірегінде болса, сепсис жағдайына әкеп ұрындырады. Шиқан буын төңірегіне шықса, оның іріңі буын қуыстарына шауып, іріңді артрит жағдайына ұшыратуы мүмкін. Асқынбаған шиқан 7-10 күн емдеген соң із тұзы қалмай жоғалып кетеді.

Шиқан мен көршиқанды емдеу. Шиқанға қолданылатын амал — жергілікті емдеу мен жалпы емдеу. Жергілікті емдеу кезінде шиқан төңірегіндегі теріні 70 пайыз спиртпен сүртеді, 2 пайыз салицил спиртімен, немесе 1-3 пайыз спирттелген көк метилен ертіндісімен, немесе спирттелген бриллиант жасыл сұйығымен тәптіштей жуылады. Шиқан пайда болған жердің төңірегіндегі жүнді қырып тастайды. Жаңа басталған, яғни сыздап, ашытып қызара бастаған шиқан кішігірім кезінде йод жаға қойса, ол әрі қарай асқынбай, тоқтап қалуы да мүмкін. Жылулар (Минин лампасы, соллюкс-лампа, құрғақ грелка) және УВЧ сәулесі де аурудың бетін қайыратын шаралар. Сыздап, ісініп тұрған шиқанға әртүрлі майлы дәрілер жағуға болмайды. Аузы ашылып, іріңі сыртқа шыққаннан кейін ғана, жара бетіне тұзды суға малынған дәке қойып, байлап тастау керек. Денені қаптап кеткен немесе дененің әр жеріне пайда болмаған көршиқанды емдеу үшін пенициллин дәрісін новокаин дәрісімен араластырып енгізеді. Жалпы ем де қолданылады. Бұл бір кез жануарды көп жүргізбей, қораға жатқызып қою керек. Дене қызуы болса, антибиотиктер тағайындап, оған сульфаниламидтық дәрілерін қосқан жөн. Шиқан ісігін операция жолымен алып тастау әдісі ете сирек қолданылады.

Бір жердегі шиқан жазылып, дененің екінші жерінеде тағы пайда болса, сөйтіп ол жиі-жиі қайталап, созылмалы ауруға айналса, мұндай жануардың күре тамырынан 15-20 мл, қан алып оны жамбас терісіне енгізу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *