АРАЛ ҚАЯЗЫ 

АРАЛ ҚАЯЗЫ (barbus brachycephalus) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Арал қаязының тіршілік ету ортасына байланысты Каспий және Арал тұқымдары бар. Дене тұрқы 111 см, салм. 22 – 23 кг-дай. Арал қаязының еті дәмді, кәсіптік маңызы зор. Туыстың Қазақстандағы екі түрінің біреуіне қатысты наминатиптытүршесі. Оның табиғи таралу аймағы Арал теңізінің су алабы. Бұрын жылына 1743 т дейін ауланса, 1978 жылдан бері аулау тоқтатылды. Балқаш-Іле су алқабына жерсіндірілген. Ұзындығы 1 м асады, салмағы 22 кг шамасында. Бұл қаяздың өтпелі түрінің жойылып кету қаупы бар, ал жергілікті түрінің барлық жерде де саны азаюда, оның себебі, су жүйелеріндегі бірқалыптылықтың бұзылуы. Өзбекстанның қызыл кітабына енгізілген (1983).Сырдария өзенінің су ағысын реттегенге дейін бұл балық Арал теңізінен Нарынның сағасына дейін кездескен. Қазақстанның Қызыл кітабына да енгізілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *