Жүрек — қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек — қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Малда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.

Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.

Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы — көмескі. Жүрек саздарының тазалығы — 1 — ші және 2 — ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.

Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.

Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *