- іктердің жіктелуі
Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер — өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.
Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері — фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының — экстрлік.
Саркома — топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.
Ісікті емдеуінің жалпы негіздері
Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.
Оперативтік тәсіл — ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.
Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.
Сәулелі терапия — қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар — изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді [1].
Химиотерапия — қатерлі ісіктің дәрі — дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа преператтар қолданылады.
Гармонотерапия — гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.
Ісіктің аралас емі — ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды. Жоғарыда аталған әдісінде мына препараттар қолданылады: новокаиннің 0,25% немесе 0,5% ерітіндісін 1 мл дозада, келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі қолданылады.