Латвия музыкасы

Музыкасы. Латыштың халық әні лирикалық сазға құрылған. Байырғы әдет-ғұрып (үйлену тойына арналған) әндері суырып салма, шешендік мәнерде орындалады. «Лиго» деп аталатын ән қайырмасы ертеден белгілі. Ұлттық билері: руцавиетис, судмалиняс, ачкупс, тудалинь-тагадынь т. б. Музыкалық аспаптары: кокле (гусли тектес), дига (ішекті), тридекснис (соқпалы), ажарагс, дудас (үрлемелі). 19 ғасырда профессионалдық музыка кең қанат жайды. Хор әні — негізгі музыкалық жанрларының бірі болып саналады. Бұл салада Я.Цимзе, К.Бауманис, Э.Вигнер сынды композиторлар елеулі еңбек етті. 1873 жылдан ән мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Белгілі латыш композиторлары — А. Юрьян, Я. Витол, Э. Дарзинь, Э. Мелнгайлис, А. Калнинь, Я. Залитис. 1917 жылы Ригада мемлекеттік опера және балет театры құрылып, музыкалық ағарту жұмыстары қолға алынды. 1940 жылы Совет өкіметі орнағаннан кейін музыкалық мәдениеті елеулі сатыға көтерілді. Әр түрлі жанрдағы музыкалық туындылар (опера, балет, симфония) дүниеге келді. Латвия музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері: дирижерлері — Латыш ССР халық артисі Л. Вигнер, РСФСР халық артисі А. Янсонс; хор дирижерлері — Латыш ССР халық артистері — Т.Калнинь, Яков Мединь, Я. Озолинь; әншілері — СССР халық артистері Ж. Гейпе-Вагнер, А. Фринберг, Латыш ССР халық артистері Р. Берзинь, П. Гравелис, А. Дашков, К. Заринь, А. Лудинь, Э. Пакуль, М. Фишер, Р. Фринберг; пианистері — Латыш ССР-інің еңбек сіңірген артистері В.Цируле, И.Граубинь, скрипкашылары — В.Заринь, Я.Шволковский; органшылары — Латыш ССР халық арт. Н. Ванадзинь, Латыш ССР-інің еңбек сіңірген артисі П.Сиполниек т. б. Латыш ССР-нде (1973): Опера және балет театры, Рига оперетта театры, филармония, Латыш телевизиясы мен радиосының симфониялық оркестрі, Латыш ССР-інің Мемлекеттік академиялық хоры (1942), камералық оркестр, Рига эстрадалық оркестрі т. б.; Я. Витол атынд. Латыш консерваториясы, 8 музыкалық училище жұмыс істейді. 1944 жылы Композиторлар одағы құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *