Латвия (Lаtvijа). Евразия Европалық бөлігінің солтүстік-батысында орналасқан, батыс жағынан Балтық теңізі және Рига шығанағы қоршайды. Эстония, Ресеймен, Белорусиямен және Литвамен шектеседі. Жері 63,7 мың км2. Халқы 1,9 млн. (2020). Астанасы — Рига қаласы. 26 ауданға бөлінеді; 56 қаласы, 35 қ. т. поселкесі бар.
Табигаты. Латвия жері Шығыс Европа жазығында, Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында, Даугава (Батыс Двина) өзені алабында орналасқан. Теңіз жағалауы азғана тілімделген, тек Рига шығанағы құрлыққа көбірек кіреді. Балтық теңізі жағалауын бойлай ені 2-3 км, кей жері 50 км-ге дейін жететін ойпат созылып жатыр. Республиканың батыс бөлігінде Курзем (биіктігі 184 м), орталығында Видзем (республиканық ең биік жері Гайзинькалнс төбесі, 311 м осында), шығысында Латгаль (289 м) қыраттары, солтүстік-шығыс бөлігінде — Солтүстік Латыш ойпаты (биіктігі 40-60 м) орналасқан.
Геологиялық құрылымы жөнінен Латвия жері Шығыс Европа платформасы құрамына енеді. Платформаның кристалды фундаменті құрамында (700 м-дей тереңдікте, (Лимбаж ауданы) темір рудасы бар; кембрий мен ордовик шөгінділерінен 1965 жылы мұнай табылды; девон шөгінділерінен гипс тасы, квард және әйнек құмы, доломиттер, пермь шөгінділерінен әк тас, юра шөгінділерінен қоңыр көмір, антропоген шөгінділерінен түрлі саздар, құмдар, шым-тезек т. б. алынады. Балтық теңізі мен Рига шығанағы жағалауларында янтарь кездеседі. Минералды су көздері (Кемери, Балдоне) бар.
Республика жері теңіздік және континенттік климатты. Батыс желдері басым. Шілденің орташа температурасы 16-18°С; қаңтарда Балтық теңізінің жағалауында — 2°С, -3°С; шығыс аудандарында -7°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-800 мм, оның 70%-і жылы маусымда түседі.
Өзендері Балтық теңізі алабына жатады. Ірі өзендері: Даугава, Лиелупе, Вента, Гауя. Даугава өзені бойынан Плявинь және Кегум бөгендері жасалған. Су энергетика қоры — 3,9 млрд. квт-сағ (оның 90%-і Даугаваның үлесіне тиеді). 3195 көл бар, олар республика жерінің 1,5%-ін алып жатыр; бәрі де мұздық ерекетінен пайда болған. Ірі көлдері: Лубанас, Резнас, Буртниеку, Усмас, Лиепаяс. Ең терең көлі — Дридза (65,1 м). Көлдері балық шаруашылығына пайдаланылады (әсіресе Лубана көлі). Латыш жерінің 52%-і күлгін, 4%-і шым қабатты-карбонатты, 2%-і аллювий, 23%-і батпақ топырақты келеді; 19%-і шымтезек алынатын жерлер. Ауыл шаруашылық жерінің 70%-ке жуығында ылғал өте мол. Мелиорация жұмыстарын кеңінен жүргізу нәтижесінде құрғатылған жер 1972 жылы 1217 мың га-ға жетті. Орман көлемі 2,4 млн. га (территориясының 38%-і). Орманының 67%-і -қылқан жапырақты (50%-і қарағай, 17%-і шырша), 33%-і жалпақ жапырақты (24%-і қайың, 4%-і терек т. б.). Қоян, тиын, елік, бұлан, бұғы, түлкі, борсық, сусар, жанат тектес ит кездеседі. Кәсіптік балықтары — салака, май шабақ, лосось, таймень т. б. Республикада 5 мемлекеттік балық зауыды бар.
Совет өкіметі тұсында табиғатты қорғау шаралары кең көлемде жүргізіліп келеді. Слитере орманы (жалпақ жапырақты), Усмас көліндегі «Морицсала» аралы, Энгуре көлі мемлекеттің қорғауында. Салаца өзенде, Бабитес, Валгума, Каниера көлдерінде балық; Слоцене, Скуйупе өзендерінде құндыз қорықтары т. б. ұйымдастырылған. Ескі өзен аңғарларының кейбір учаскелері, аса көрнекті геологиялық обьектілер, 91 бақ, өсімдік пен жануарлардың сирек түрлері қорғауға алынған.
Латвия жері — теңіз жағалауындағы ойпат (құмдауьгт жазық, қарағай орманы өседі, батпақтары, құм төбелері бар), Батыс Латвия (негізінен Курзем қыратын қамтиды, климаты жұмсақ), Орта Латвия (Орта Латыш ойпатын, Видзем қыратын алып жатыр; егістіктің кебі, бақтар осында), Шығыс Латвия (Шығыс Латыш жазығын, Латгаль қыратын алып жатыр; климаты — республикадағы ең континенттік климат) табиғи аудандарына бөлінеді.
Халқы. Республиканың негізгі тұрғындары — латыштар. Сонымен бірге орыстар, белорустар, поляктар, украиндар, литвандар, еврейлер т. б. тұрады.
1913-1973 жылдар қала халқы 38%-тен 64%-ке дейін өсті, село халқы 62 %-тен 36%-ке дейін кеміді. Халықтың жалпы санында еркектер 46%, әйелдер 54%. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 38,1 адамнан. Ірі қалалары: Рига, Даугавпилс, Лиепая, Елгава, Юрмала.
Тарихы. Латвия жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс (б. з. 9 ғасырына дейін). Латвия жерін адам баласы алғаш мезолит дәуірінде (б. з. б. 9-4-мың жылдық) мекендеген. Неолит дәуірінде (б. з. б. 4-2-мың жылдық) тастан, сүйектен бұрынғыдан гөрі жетілдірілген құралдар жасап үйренген, балшықтан ыдыс жасайтын болған. 2-мың жылдықта егіншілік, мал шаруашылығы шығады. 2-мың жылдықтың орта шенінде шеттен келген қола құралдар пайда болады. Б. з. б. 1-мың жылдықта Латвия жеріп мекендеген тайпаларда мал шаруашылығының мәні арта түседі. Қоғамдық қатынаста матриархат орнына патриархат орнады. Алғашқы темір құралдар б. з. б. 1-мың жылдықта кездеседі. Б. з. 2 ғасырында егіншілік негізгі кәсіпке айналды. Өндіргіш күштердін дамуы нәтижесінде патриархалдык қоғамдық қатынастар ыдырап, 5 ғасырда таптық қоғам қалыптаса бастайды. Латвия жерін неолит дәуірінде мекендеген фин-угор тайпалары деп есептелінеді, бірақ б. з. б. 2-мың жылдықтан Латвия жерінде Балтық тайпалары, яғни латыш-литван тайпаларының арғы аталары пайда болған. Б. з. алғашқы ғасырларында бұл жерде қалыптасқан курши, земгал, латгал, сондай-ақ фин- угор тектес лив тайпаларының этникалық бірлестіктерінен келе-келе латыш халқы құралды.
Феодалдық қатынастар Латвия жерінде 10 ғасырдан бастап қалыптасты. Шаруашылыққа үш танапты егіншілік, темір түренді соқа қолданылды. Темір ұсталығы, көзе ыдыстар жасау т.б. қолөнер саудасы дамыды. Латвияға христиан діні Ежелгі Русьпен келді. Алғашқы мемлекеттік бірлестік 10-13 ғасырларда Шығыс Латвияда (Латгалдарлық 8 князьдығы) пайда болды. 12 ғасырдың 2-жартысында Даугава сағасына Солтүстік Германияның көпестері келді. Агрессорлардың көсемдері (епископтері Германиядан крест тағушылар ирядын алдырып, Семсерлілер орденін құрды. Семсерлілер ордені 1236 жылы кұлағанда, оның орнына 1237 жылы Ливон ордені құрылып, агрессияны жалғастырды. 13 ғасырдың аяғында крест тағушылар жаулап алған Латвияда неміс феодалдарының экономикалық және саяси үстемдігі орнады. 13 ғасырдың 1-жартысынан 1561 жылға дейін Латвия Ливонияның құрамына кірді. Латвия қалаларында неміс қолөнершілері мен көпестері тұрды, неміс помещиктері селолық жерлерге орналасып, замок салды. Ондай селодан ығыстырылған латыш шаруалары сол маңайдағы учаскелерде, ормандарда бытыраңқылықпен күн кешті. Латвияда кейін кең тараған хутор жүйесі осыдан басталды.
16-17 ғасырлардың басына таман латыш халқы қалыптасты. Шаруалар феодалдық және отаршылдық езгіге түсті. Шаруалардың қарсылығы, қашып кетуі жиіледі. Қашқан шаруаларды ұстап, иесіне қайтару туралы 1494 жылы Риганың архиепископы М. Хилдебранд пен оның вассалдары арасында шарт жасалды. Осы арқылы Латвияда басыбайлы право документ жүзінде алғаш рет қалыптасты. 15 ғасырда шаруалар өзара жіктеліп, помещик пен шіркеуге феодалдық рента төлейтін шаруашылығы бар шаруалар және жері аз, құрал-сайманы жоқ шаруалар, өзге де әлеуметтік топтар пайда болды. Ливонияның ішінде, әсіресе Ливон ордені мен Рига архиепископтігі арасында саяси үстемдікке талас үздіксіз жүріп жатты. 1410 жылы Грюнвальд шайқасынан кейін Рига архиепископтігі бұған дейін басым боп келген Ливон орденімен теңесіп қалды. 16 ғасырдың 20 жылдарында Латвияда реформация басталып, бәсең лютерандық тарады. Феодалдық синьорлар — епископтар, Ливон орденінің мүшелері ғана католик қалпында қалды. Бұл Ливонияның саяси құрылысын одан әрі шиеленістірді. Содан Ливон соғысының (1558-1583) басында-ақ Ливонияның ұсақ мемлекеттері Речь посполитаға қарады. Латвия жері тағы да бөліске түсті. 1599 жылы Д. Гильхен кодексінің жобасы деп аталатын документ жасалып, Латвияда басыбайлы правоның тәртібі алғаш рет заңдандырылды, 1600-1629 жылдар поляк-швед соғысы Латвия жерін күйзелтіп кетті. Соғыста жеңген Швеция Видзема алабын (Риганы қосып Айвиекста ө-не дейінгі жерді) алды. Латвияның шығыс бөлігі (Латгалия) Речь посполитаның қол астында қалды.
Кейінгі феодализм дәуірінде (17 ғасырда) Курляндия герцогтігі мен Видземада мануфактуралар пайда болды, 17 ғасырдың 80-90 жылдары Швеция королы Карл XI имениелердің көпшілігін тәж-тақтың меншігі деп жариялап, Видзема жерінің 80%-ін мемлекетке алды.
Латвия жерінің бұдан кейінгі тағдыры Солтүстік соғысында (1700-1721) шешілді. 1721 жылы Ништадт бітімі бойынша Швеция Видземаны Россияға берді. Бөлшектенген Латвия жері Россия империясының қол астына біріге бастады. Латвия жерінің бірігуі латыштың буржуазиялық ұлт болып қалыптасуына жағдай жасады.
Феодалдық құрылыстың ыдырауы мен капиталистік қатынастардың тууы дәуіріндегі (18 ғасырдың аяғы — 19 ғасырдың 1-жартысы) Латвияда товарлы егін шаруашылығы дамыды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу (шарап жасау, сыра қайнату т. б.) жетілдірілді. Бірақ басыбайлылардың еңбегі өнімсіз болды. Шаруалар көтеріліс жасады. 1804 жылы латыш дворяндары шаруаларға болмашы жеңілдік беріп, басыбайлылықты аздап шектейтін шаруа заңы дегенді шығарды. Бірақ бұл заңның 1809 жылғы қосымшасы осы болмашы жеңілдіктердің өзін қайтарып алуға, тіпті феодалдық рентаны көбейтуге мүмкіндік берді. Шаруалар қозғалысы өрістеді, оған 1812 жылы оқиғаларының да әсері тиді. Патша үкіметі 1817 жылы Курляндия, 1819 жылы Лифляндия губернияларында реформа жүргізіп, шаруаларға бас бостандығын берді, біраң жері помещикте қалды. Шаруалар енді өз жерін өзі арендаға алды, оның құнын барщинамен өтеді. Сөйтіп, латыш қыстағында капитализмнің дамуы шаруаларға ауыр тиетін Пруссиялық жолмен кетті. Капиталистік катынастарға көшу процесі қалаларда жедел жүрді.
Капитализм дәуіріне (19 ғасырдың 2-жартысы) ауысу қарсаңындағы Латвияда шаруалар қозғалысы жиілей түсті. 1861 жылы Латгалияда басыбайлылық жойылды; Видзема, Курзема шаруалары жер сатып алу правосына ие болды; бір жерден бір жерге ауысуға ерік берілді. Жалдамалы еңбек, ауыл шаруашылық машиналары қолданылды. Өнеркәсіптез есті. Латвияның өнеркәсібіне шетел, өсіресе Германия капиталы кірді. Қалалар өсті. Село буржуазиясы мен жерсіз шаруалар, ауыл шаруашылық жұмысшылары пайда болды. Латыш халқы Видзема, Курземада неміс помещиктерінің, Латгалияда поляк пандарының, бір жағынан патшалық самодержавиенің езгісіне түсті. Капитализмге ауысу процесінде латыш халқы ұлт болып қалыптасты. Буржуазия, жұмысшы табы туды. 19 ғасырдың 70-80 жылдарында Латвияда алғаш рет жұмысшы қозгалысы басталды. 70 жылдардың аяғында демократиялық интеллигенция қозғалысы туып, 90 жылдарда Латвияда марксизм идеясы тарады, алғашқы с.-д. ұйымдар пайда болды.
Империализм дәуірі мен Россиядағы буржуазиялық-демократиялық Революциялар дәуіріне (1900-1917) қадам басар шақтың қарсаңында Латвия Россия империясының капиталистік дамыған аймағының бірі болды.
Россия жұмысшы қозғалысының әсерімен күшейген стачкалық күрестер Латвияда 1904 жылдың аяғында саяси сипатқа ие болды. 1905-1907 жылдар революцияда латыш пролетариаты мен социал-демократтар, В. И. Ленин айтқандай, «…самодержавиеге және ескі құрылыстың барлық күштеріне қарсы күресте алдыңғы қатардағы аса маңызды орынның біріне ие болды». 1905 жылы күзінде Тукумс, Талсы т. б. жерлерде саяси ереуіл қарулы көтеріліске ұласты. Вентспилсте, Руиен, Мазсалац, Салдус дуандарында, Кандавада өкімет билігі көтерілісшілердің қолына көшті. Алайда ереуіл кушпен басылды. 1-дүние жүзілік соғыста 1915 жылдың аяғында Латвия жерінің бір бөлігі (Курзема) герман әскерлерінің қолында қалды. Бүкіл Латвия соғыстың ауыр апатына ұшырады.
1917 жылы Февраль революциясын Латвия еңбекшілері мен Солтүстік майданның әскерлері (оның ішінде латыш атқыштары) қызу қолдады. Солдат депутаттарының аткомдары құрылды, бірақ ондағы көпшілік орынды әсер, меньшевиктер алды. Латвияда Уақытша Үкіметтің комиссарлары тағайындалды, буржуазиялық ұйымдар құрылды. Бүкіл Россиядағы сияқты, Латвияда да қос өкімет орнады. Рига Советі Уақытша Үкіметтің комиссарларын Латвиядан қуып, губерния, уезд комиссары етіп ЛЕСД мүшелерінен тағайындатты. Жұмысшылар мен жерсіз шаруалар, батырақтардың съезі помещиктер мен шіркеу жерлерін конфискелеуді қолдады. Ригада латыш атқыштарының 2-съезінде буржуазия Уақытша Үкімет туралы мәселе бойынша большевиктік қарар қабылданды. 18 маусымда (1 шілде) Рига, Валмиер, Валкада, болыстарда «Соғыс жойылсын!», «Барлық өкімет Советтерге берілсін!» деген ұранмен демонстрациялар өтті. 30 шілдеде (12 тамыз) Латвияның біріккен Советтерінің Атқару Комитеті құрылды, оны большевиктер басқарды. 21 тамызда (3 қыркүйек) генералы. Л. Г. Корнилов Риганы неміс әскерлеріне беріп кетті.
Ұлы социалистік революциясы мен Совет өкіметін құру жолындағы күрес кезіндегі Латвия (1917-1919 жылдар наурыз) 25-26 қазанда (7-8 қараша) көтеріліс Петроградта жеңгеннен кейін, революцияшыл латыш, орыс әскерлері Цесис, Валмиер, Валка, Тарту т. б. қалаларды алды. Жұмысшы, солдат және жерсіз шаруалар советінің депутаттары Валкада 7 (20) қарашада Латвияның оккупацияланбаған жерінде Совет өкіметін жариялады. Совет Латвияның астанасына айналған Валкада большевиктік жаңа Атқару комитеті құрылды. Қызыл ғвардия бөлімдері туды. РСДЖ(б)П ОК-нің шешімі бойынша Петроградқа латыш атқыштарының ротасы Смольныйдағы Халкомсов пен БОАК-н күзетіп тұруға жіберілді.
1918 жылы ақпанда герман әскерлері Латвияны түгел алды. Германия жеңілгеннен кейін де американ-ағылшын империалистерінің келісуімен оның әскері Латвияда қалды. 18 қарашада буржуазиялық лидер К. Ульманис бастаған буржуазиялық Уақытша үкімет құрылды. Ол неміс, латыш, орыс ақ гвардияшыларынан тұратын Балтық Ландесвері дегенді құру туралы 7 желтоқсанда Германия өкілдерімен келісімге қол қойды. 1918 жылы 9 желтоқсанда ағылшын эскадрасы Лиепаяға, 18 желтоқсанда Ригаға кірді. 4 желтоқсанда ЛСД (бұрынғы ЛӨСД) Рига, Валка Советтерінің өкілімен бірлесе отырып, Латвияның уақытша Совет үкіметін құрды. 17 желтоқсанда Совет үкіметі өз манифесінде бүкіл Латвияда өкімет билігі Советтердің қолы-кіит қызылшасы (оңтүстігінде). Астана маңында — овощ өсіру, батыс және оңтүстік аймақтарда бақ өсіру ісі дамыған.
Мал шаруашылығының басты бағыты — етті-сүтті мал өсіру. 1972 жылдың аяғында республикада 1289 мың мүйізді ірі қара (оның ішінде 595 мың сиыр), 1136 мың шошқа, 330 мың қой, 61 мың жылқы болды. 61 шаруашылықтың құс фермалары бар. «Кекава» құс фабрикасы жылына 40 млн. бройлер әсіреді. Республиканың батыс бөлігінде омарта шаруашылығы дамыған. Кей шаруашылыңтарда күзен, ақсүр түлкі, көгілдір түлкі өсіріледі.
Транспорты. Темір жолының ұзындығы 2484 км, одан электрлендірілгені 247 км (1972). Маңызды темір жолдары: Рига — Москва (Даугавпилс — Орёл тармағы бар), Рига — Псков – Санкт-Петербург; Рига — Вильнюс; Рига — Калининград; Псков — Резекне — Даугавпилс — Вильнюс. Автомобиль жолдарының ұзындығы 24,2 мың км, оның ішінде асфальт төселгені 12 мың км. Автотранспорттың жүк айналымы 1940 жылғыдан 44 есе артты (1972). Сауда флоты ең жаңа конструкциялы кемелермен, танкерлермен, газ, жеміс таситын кемелермен толықтырылған. Жүк тасымалы 1950 жылғыдан 18 есе өсті (1972). Басты порттары: Рига және Вентопилс. Ішкі кеме жолдарының ұзындығы 358 км (Лиелупе, Вента өзендері; Даутаваның кейбір учаскесі).
Рига қаласы еліміздің 56 ірі қалаларымен авиалиниялар арқылы байланысады.
Латвия экономикалық-географиялық жағдайына байланысты Орталық (жерінің 29%-і, халқының 53,6%-і), Видзем (жерінің 27%-і, халқының 13,4%-і), Латгаль (жерінің 22,6%-і, халқының 18,7%-і), Курзем (жерінің 20,9%-і, халқының 14,3%-і) аудандарына бөлінеді.
Денсаулық сақтау ісі. 1971 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 14,7, адамның өлімі 11 (1940 жылы 15,7); әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 16 (1940 жылы 73). Өмірдің ұзақтығы 70 жас. Өлімнің негізгі себебі: жүрек, қан-тамыр аурулары, қатерлі ісік. Буржуазия Латвияда жұқпалы аурулар көп таралған еді. Балалар арасында полиомиелит байқалып тұратын. Совет өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген көптеген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде күл, безгек сияқты аурулар іс жүзінде жойылды. Туляремия, аскаридоз және трихоцефалёз ауруларының табиғи ошағы Курзем жерінде, сондай-ақ Екабпилск және Тукумск аудандарында склероз т. б. аурулар кездеседі. 1971 жылы 28,8 мың төсектік 199 аурухана жұмыс істесе (1000 тұрғынға 12 төсек), ал 1940 жылы 12 мың төсектік 89 аурухана (1000 тұрғынға 6,3 төсек) болды. Ауруханаларда арнайы терапиялық 5,3 мың, хирургиялық 4,4 мың, онкологиялық 0,8 мың, оториноларингологиялық 0,3 мың, офтальмологиялық 0,3 мың, неврологиялық 0,8 мың, әйелдер босанатын 1,4 мың, гинекологиялық 1,5 мың, жұқпалы емес, балалар ауруларын емдейтін 2,5 мың төсек бөлінген. Елде 393, амбулатория және поликлиникалық мекеме, 505 фельдшер акушерлік пункт, бұдан басқа 6 медициналық бөлімше, 9 денсаулық сақтау пункті болды. Латвияда 216 әйелдер және балалар консультациясы, 38 туберкулез, 64 тері ауруларының, 56 онкологиялық кабинеттер мен диспансерлер, 352 алтек, 639 аптекалық пункттер, 42 санэпидстанция жұмыс істеді. 1971 жылы республикада, 8,7 мың дәрігер (275 тұрғынға 1 дәрігер), 22,7 мың орта дәрежелі білімді медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлерді Ригадағы медициналық институт және 8 медицина училище даярлайды. Республикада 1971 жылы 611 ғылыми-медицина қызметкер, оның ішінде 70 ғылым докторы және 399 медицина ғылыми кандидаты қызмет істеді. Латвияда 1971 жылы 10,4 мың орындық 45 санаторий, балаларға арналған 1,8 мың орындық 14 санаторий, 7,9 мың орындық 28 демалыс үйі және пансионаттар бар. Курорттары: Юрмала, Сигулда, Лиепая, Кемери, Балдоне т. б. 1971 жылы денсаулық сақтау ісіне 98 117 мың сом қаржы жұмсалды.
Латвияда 1973 жылы 2,6 мың физкультра коллективінде 26 стадион, 179 футбол алаңы, 75 теннис алаңы, 12 жүзу бассейні, 2 мыңдай спорт алаңы бар. 63 балалар және 2 жоғары спорт мектебінде 26,1 мың адам спортпен шұғылданады. «Даугава» ерікті спорт қоғамы 1944 жылы құрылды. Республикада 1945-1972 жылдар 300 адам СССР чемпионы, 60 Европа, 32 дүние жүзінің, 6 Олимпиялық ойындардың чемпиондары болды. Республикада 1973 жылы 400-дей спорт лагері, туристік база, аңшылар мен балықшылар үйі т. б. болды.
Оқу-ағарту ісі. Латвиядағы алғашқы мектеп 1211 жылы Ригада құрылған. 16 ғасырдың 2-жартысында Ригада латыштар үшін бірінші мектеп ашылды. 17 ғасырда жоғары типті оқу орындары жұмыс істей бастады. 1775 жылы Елгавада Петрин академиясының негізі қаланды. 1817 және 1819 жылғы шаруаларды басыбайлылықтан азат ету жөніндегі заңдар латыш мектептерін ашуды ескергенмен, бұл іс тым баяу дамыды. Осы кезеңдерде қалаларда неміс тұрғындары мен ауқатты латыштардың балаларына арналған мектептердің саны артты. Балтық жағалауының дворяндық басқармасы мұғалімдер семинарияларын (1839-1840) аша бастады (оқу неміс тілінде). Олардың негізгі мақсаты дворяндарға бағынышты оқытушылар даярлау еді. Халық ағарту министрлігінің ер балалар оқитын орыс гимназиясын (1867), Ломоносов атындағы қыздар гимназиясын (1868), орыс мұғалімдер семинариясын (1870, 1894), политехникум ашуының прогресшіл мәні болды. Латыш өлкесінде орыс мәдениетінің ықпалы күшейе бастады. Дворяндар басқаруындағы мектептерде тұрғын халықты немістендіру мақсатында оқу неміс тілінде жүрді.