Глоссарий
- Аралық өнім – технологиялық процестің кез келген сатысы на алынған, соңғы сатыны есептемегенде және ары қарай өңдеуге түсетін жартылай өнделген өнім
- Биофармация – дәрілік заттардың физико-химиялық қасиетін тәуелді биологиялық əсерін, дәрілік форманы жəне дайындау технологиясын зерттейін ғылым
- Валидация – бекітілген талаптарға сәйкес өндірістік процесті және өнімнің сапасын бағалау және құжатты растау
- Гранулирлеу – бұл ұнтақ тәрізді материалдың белгілі өлшемді бөлшектерге (дәндерге) айналу процесі
- Дәрілік заттар – биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.
- Дәрілік заттардың сапасы – мемлекеттік стандартына сәйкес дәрілік заттардың сапасы
- Дайын өнім – технологиялық процестің барлық сатыларынан өткен, қаптау мен штамптауды қоса санағанда өнім
- Дәрілік форма – дәрілік затты немесе дәрілік өсімдікті шикізатты қолдану үшін ыңғайлы күйге келтіру, бұл кезде қажетті емдік әсерге жетеді.
- Ерітінділер-бұл бір немесе бірнеше еріткіштерден тұратын молекула мен ион түрінд таралған сұйық гомогенді жүйелер.
- Есірткілік заттар – ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи өсімдіктерде, препараттарда болатын заттар.
- Жарамдылық мерзімі – дәрілік зат тиісті Мемлекеттік стандартының барлық талаптарын толық қанағаттандыру ағымын құрайтын мерзім
- Жартылай өнім – бір немесе бірнеше өңдеу сатысынан өткен дайын өнім өндірісіне қажетті продукция
- Қатты əсер етпейтін заттар — əртүрлі терапевтикалық дозаларда қолданылатын дәрілік заттардың тобы
- Қоқыс заттар – ары қарай өңдеуге келмейтін және тұтынушы құнын бермейтін өндірістік қалдық заттар
- Қосымша заттар – дайын дәрілік пішіндер өндіру процесінде, оларға қажетті қасиеттер беру үшін қолданылатын, табиғаты органикалық немесе бейорганикалық болатын заттар
- Материалдық (немесе технико-экономикалық) баланс – бастапқы материалдар, дайын өнім, жанама өнім, қалдық жене материалдық шығындар мөлшері арасындағы қатынас.
- Нормативті-құжаттама – бұл ережелерді, жалпы ұстанымдарды немесе əртүрлі қызмет түріне жəне оның нəтижелеріне қатысты сипаттамаларды орнататын құжаттар
- Орама материалдар – дайын дәрілік заттарды мөлшерлеу, сақтау үшін арналған материалдар
- Психотроптық заттар — ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-ның бақылауында болатын есірткілік, психотроптық заттар тізіміне кіретін, синтетикалық немесе табиғи материалдарда, препараттарда болатын заттар.
- Субстанция – фармакологиялық активтілігі бар және дәрілік препараттарды өндіру және жасап шығару үшін қолданылатын, шығу тегі табиғи, жануар тектес, микробты немесе синтетикалық болатын заттар.
- Суспензия – рәсімделген дәрілік форма – құрамы дисперсті фазасы бір немесе бірнеше ұсақталған ұнтақ тәрізді дәрілік заттардан тұратын сұйық дисперстік ортада таралған сұйық дәрілік форма.
- Сұйық дәрілік формалар – дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер.
- Тұндырмалар – дәрілік өсімдік шикізататынан спиртпен жылутусыз жене экстрагентінің 1:5 немесе 1:10 мөлшерінде алынған сұйық дәрілік сорындылар, яғни 1 өлшенген бөлігінен 5-тік немесе 10-дық көлемде дайын өнім алынады.
- Уақытша фармокөшірмелік бап – шектеулі уақыт ішінде бекітілген (3 жылдан аспайтын) препараттың сапасын немесе дәрілік өсімдіктер үшін талаптарды белгілейтін мемлекеттік үлгідегі сипаты бар нормативті-техникалық құжат
- Ұнтақтар- бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма.
- Ұнтақтау – механикалық күштер əсерінен қатты денелердің бөлшетерінің өлшемдерін кішірейту процесі
- Фармацевтикалық технология – дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік пішінге келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.
- Фармация – дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі.
- Шығын(η) – дайын өнім мөлшерінің бастапқы материал мөлшеріне үлестік қатынасы
- Шығын нормасы – бірлік өнімге максималды мөлшерде рұқсат етілетін материалдардың, жартылай өнімдердің мөлшері
Микромодуль 1 – Фармацевтикалық технологияның жалпы