Жаңартылған білім бағдарламасы – келешекке нық қадам
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».
Н.Ә. Назарбаев Заманауи білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан- жақты, көп тіл білетін маман дайындау. Сол себептен білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –
тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.
Білім берудің жаңартылған мазмұны болашақта ұрпақтың қажеттілік- терін қанағаттандыратын білім беру бағдарламасы болып табылады. Жа- ңартылған білім – бұл болашақтың кепілі. Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңар- тылған білім көптеген критерийлер бойынша маңызды: білім беру жү- йесінің ортасында– оқитын оқушы ойлауға, зерттеуге, тәжірибе жасауға, сын тұрғысынан ойлауға қабілетті, функционалдық сауаттылықты, жұ- мыста шығармашылықты қолдана білетін, жеке және топта жұмыс істей алатын адам болып табылады.
Жаңартылған бағдарлама білімнің спиральдық үлгісін, яғни білімнің біртіндеп кеңеюі мен тереңдетілуін көздейді, мұның өзі оқушылардың тіл- дік құзыреттілігін жақсартуға бағытталған пәнді тиімді оқытуға әкеледі.
Өткізілген курстар мұғалімдерге білім беру бағдарламаларын жа- ңарту тұрғысынан педагогикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, олардың тәжірибеде критерийлік бағалау жүйесін қолдануды үйренеді, жаңа әдіс-тәсілдерді және белсенді оқыту стратегияларын қолданады. Олар мұғалімнің рөлін және оқу үдерісіндегі оқушының рөлін, сондай- ақ пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, мақсаттары мен міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді.
Жанартылған білім бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары, дәстүрліге қарағанда, оқу мақсаттарына негізделген нақты әре- кеттерді қамтиды. Оны дайындаған кезде сабақтың мақсаттарын, диф- ференциацияны ескере отырып күтілетін нәтижелерді, пәнаралық бай- ланысты ойластыру керек. Маңыздысы – сабақтан кейін оқу және оқу үдерістерін бағалау кезеңі. Критериалды бағалау, бір жағынан, алдын-ала анықталған критерийлерге негізделгендіктен бағалау үдерісін жеңілдете- ді. Мұндай бағалау оқу үдерісінің барлық қатысушыларына: мұғалімдер- ге, оқушыларға және ата-аналарға объективті, тиімді. Екінші жағынан, әр оқу мақсатына арналған нақты бағалау критерийлері мұғалім іздейтін дәлелдерге қосымша көз болып табылады. Мұның бәрі мұғалімге арнайы дайындықты, үнемі іздеуді талап етеді.
Қорыта келе, мен эссемді ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бү- гіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек, Өнер – білім, адалдық, ар – намысты Жоятын надандық қой емсіз індет. Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек.
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек. Білімге ел боп аңсап құмарлан- са, Жетілмек аз – ақ жылда жоғары өрлеп» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. Қазақстандағы орта білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күні өте қажет және болашақ ұрпақты оқыту үшін маңызды.