Жаңартылған білім беру – заман талабы

Жаңартылған білім беру – заман талабы
Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады
Н.Ә. Назарбаев Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті

мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында деп білемін, себебі ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Осы тұрғыда колледж оқытушыларына арналған «Жаңартылған білім – табыстылық- қа жетелейтін дамудың негізі» атты курс туралы айтқым келеді. Жаңар- тылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен танысып, жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес пе- дагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдана білуге үйрендім. Критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуді алдымыздағы бола- шақ жас мамандарға беру жолдарын ойластырудамын. Келген күннен-ақ осы курстағы тренеріміз Ерболат Тұрсынтайұлы жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізудің маңызы туралы жан-жақты тал- дап, теориялық тұрғыдан шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбек- терін негізге ала отырып, түсіндіріп берді. Қазіргі таңда білімін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында мына әдіс-тәсіл- дер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойына қажетті төрт дағдыны қалып- тастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан да АКТ-ны, диалогтік оқы- туды, «Топқа бөліну», «ЖИГСО», «Ойлан-жұптас-бөліс» т.б. стратегия- ларды өз сабақтарымда тиімді қолдану жолдарын қарастырғым келеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының – негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларымен танысып, іс-тәжірибемен бөлістік. Топ- тық, жұптық жұмыстарды ынтымақтастықпен орындадық. Осы кезеңде, Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақы- тын аялау» деген нақыл сөзінің мәнін терең түсіндім
Оқытушы өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақ- ты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгін- гі заман мұғалім қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек болса, болашақ педагог-мамандарға осы курс негізінде бағыт-бағдар беретін біз болаты- нымызға сенімім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *