Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
«Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»
Әл Фараби Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Ел- басы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үш- тік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,
– деген болатын. Яғни, еліміздің әлемдік сахнадан өз орнын алуы үшін, білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Уақыт талабына сай, жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмек- теседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдала- ну – ұстаз шеберлігінің белгісі. Ұстаз ретінде оқытып жүрген білім алушы- лардың ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс – тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудару керек. Білім алушылармен жұппен, топпен ұйымдастырылған сабақ- тар, олардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады. Білім алушылардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсінеді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсыну- мен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Яғни, курс оқу барысында білім алушылардың табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы оқытушының қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Оқытушы білім алушылар үшін қандай да бір пән бо- йынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қы- зықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы
керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті білім алушылармен қарым-қаты- нас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттанды- ру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие бе- руде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір білім алушыны оқытып тәрбиелеу- ге, нарықтық заман талабына сай маман дайындауда жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап ме- жесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер ұстаз қажет етіп отырғанына көзіміз жетті.
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланыс- ты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгін- гі күннің басты талабы.