Жаңартылған білім-болашақтың кепілі
«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса»
Махатма Гандидің Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне
арналған жаңа білім беру болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті да- мыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет».
«Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиім- ділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы
– оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылық- ты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс- тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағ- дарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақ- саттарын зерделей отыра, тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесінің тиімділігіне көз жеткізе алдық. Критериалды бағалау кезін- де оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл- мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалаудың сапалылығын, әр білім алушының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім алушының дамуын, қызығушылығын және де оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады.
«Өмір бойы ойлап табу керек, жетілдіріп, дамыта түсу керек – міне, мұғалім өмірінің басты қағидаты осы» – деп К.Д. Ушинский айтқандай, курс барысында алған жаңалықтарымды өз тәжірибемде қолданып, оқу- шыларды болашаққа жетелеп, жаңа білім кеңістігіне шығамыз. Жаңар- тылған білім – болашақтың кепілі.