Жағартылған білім – заман талабы
Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмір кредосына айналуы тиіс.
Н.Ә. Назарбаев Қай елдің болсын өсіп – өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білімді игеруі, даму бағытына байланысты. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей жас ұрпаққа
сапалы, мән мағналы, өнегелі тәрбие мен білім – бүгінгі заман талабы.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауалдар- дың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс, тренингтер тыңдап жаңартылған білім беру үрдісінің құ- рылымын, мақсат – міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тә-
сілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде крите- риалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тек танысып қана қоймай, тәжірибие барысында іске асырып түрлі топтық тапсырмалар мен жатты- ғулар әзірледік, түрлі тақырыпта постер қорғадық, қысқа мерзімді жоспар, критериалды бағалауды үйрендік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде орын алатын 3 құжатпен – оқу бағдарламасы, оқу жоспары, қысқа мерзімді жоспар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен та- нысып жұмыс жасадық. Жаға бағдарламаны игеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ық- пал етуі тиіс. Курстан өтіп жаңаша білім алдық. Үйренгеніміз көп болды. Курс барысында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, түсінікті өтті. Оқу барысындағы үйренгенімді тәжірибиемде қолданамын. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында та- бысты болуы үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тыным-
сыз еңбек өтуі тиіс.