Арал – Азия – Қазақстан

«Арал – Азия – Қазақстан» — 1987 ж. құрылған халықаралық қоғамдық комитет. Алға қойған мақсаты – Арал теңізі аймағындағы экол.және әлеум.ахуалды сауықтыруға жәрдемдесі. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ақын М. Шахановтың бастамасымен Арал, Балқаш және Қазақстан экологиясы жөніндегі қоғамдық к-т ретінде ұйымдастырылған. Респ-дағы экол. дағдарыс мәселелері төңірегінде қоғамдық пікір қалыптастыруды көздеді. 1991 ж. “А. — А. — Қ” халықар. қоғамдық к-ті деген атпен қайта құрылған бұл ұйым Арал мәселелері бойынша аймақтық және халықар. конференциялар дайындап, өткізді. Әлемдік инфрақұрылымдық қор (ӘИК) Арал аймағындағы жан-жақты көмек берілуге тиісті нақты объектілерді іріктеді. Комитет Арал т-н сақтап қалу және Арал аймағындағы экол., әлеум. жағдайды жақсартып, қарымды көмек көрсету бағытында біраз жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен Арал және Қазақстан экол-сы мәселелері жөнінде қоғамдық академия ұйымдастырылып, халықар. “Арал сыйлығы” тағайындалды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *