АРАЛ Тоғаниязұлы

АРАЛ Тоғаниязұлы (1838, қазіргі Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы – 1911) – күйші. Маңғыстау түбегіндегі дәстүрлі күйшілік-домбырашылық мектептің көрнекті өкілі. Көне дәуірдегі Кербұқа, одан берідегі Боғда мен Қошқар, 19 ғасырдағы Абыл, Есір, Есбай, Құлшар, Алтынай сияқты күйшілердің музыкалық дәстүрін кейінгі ұрпаққа ұластырушы. Арал олардың күйлерін шебер орындап, халық арасында кеңінен насихаттаған. Ол өзі шығарған күйлермен қатар аңыз желісіне құрылған, бірнеше бөлімнен тұратын «Бала Науан» атты халық күйін де орындаған. Аралдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы шәкірттері: Ш.Ыбырайымұлы, Ә.Құлшарұлы, Б.Кендірбайұлы, А.Сүйесінұлы, Қ.Есқалиұлы, Ш.Еділұлы, М.Үркінбайұлы, М.Өскенбайұлы, Б.Есболайұлы тағы басқалар. Осындай ізбасарларының арқасында Арал дәстүрі бүгінгі домбырашылық орындаушылық өнерінде өз орнын алып отыр.[1]Күйші Маңғыстаудағы Мақан ата бейітінде жерленген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *