Мұғалім әдісті қөп білуге тырысу керек

«Мұғалім әдісті қөп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»
Ахмет Байтурсынов Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісінде. Білім беру- дің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық
қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет.
Білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесін мүмкіндігінше дұ- рыс пайдаланып, ой елегінен өткізіп, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Өмірдің барлық салала- рында индустрияландыру мен инновация болып жатқан кезде адамдардың бойында өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі, жігерлілік, ал- ғырлық сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр. Осы орайда, жоға- ры оқу орындарының оқытушыларының кәсіби дамуына бағытталған «На- зарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп әзірлеген бағдарламалары бойынша құрастырылған педагогика- лық кадрлардың біліктілігін арттыратын курстарының маңызы зор.
Курс барысында берілген мемлекеттік білім беру стандарттары, жаңар- тылған оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, әртүрлі әдістемелік нұсқаулар, электрондық ресурстар, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерімен танысып, сабақ жоспарын жаңа 2018/2019 оқу жылында дайындау талаптарын орын- дап көру барысында әр мұғалім өзінің күнделікті беретін әр сабағын өткен сабаққа қарағанда қалайша жетілдіремін деген талпыныста болатынына кү- мән жоқ. Оқытушы өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. «Жаңартылған

білім бағдарламасы бойынша информатиканы оқыту әдістемесі» электив- ті пәнін оқытуда осы курстағы жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланып, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны меңгеру аса қажет болып отыр. Себебі, бұл жаңашыл әдіс-тәсілдер, сапаға бағытталған жұмыстар студенттердің заманауи тұрғыда қалыптасқан мұға- лім тұлғасына айналатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан студенттердің пән- ді терең меңгеруін ұйымдастыра білу, алған білімдерін мектепке барғанда, өмірде қажеттілігіне орай қолдана білуін қамтамасыз ету бізге үлкен жауап- кершілікпен қойылған міндет екенін сезінудеміз.
Курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде жасалған оқу бағдарламаларын меңгере отырып оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі арқылы: білімді функционалдық және шығарма- шылық деңгейде қолдана алатын, сын тұрғысынан ойлайтын, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана алатын, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолданып, топпен және жеке дара жұмыс істей алатын, мәселелерді шешу және ше- шімдер қабылдай алатын ауқымы кең 21 ғасыр дағдылары дамыған ұрпақ даярлауға негіз болатындығына сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *