Шығармышылық рефлексия – жаңа мақсаттарға бастама.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. »
Н. Назарбаев
Қазіргі заман талабына сай жоғарғы оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруна бағытталған «Назарбаев зияткерлік мектеп- тері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17–28 қыркүйек аралығында «Орта білім мазмұнын жаңар- ту» арналған біліктілікті арттыру курсы бойынша білімімді жетілдірдім.
Бұл курстың мақсаты Қазақстан Республикасының орта білім маз- мұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру болып табылады. Бұл курста барлық әдістемелік жұмыстар ұстаздардың педа- гогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Тренер Абай Батырұлы пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы- мен және мақсаттарымен таныстыра отырып, критериалды бағалауды және мұғалімдердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды, тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, тиімді сұрақтар қоя білу критериалды бағалау, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар, дескриптор құра білуді, модерация ұғымын, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру, жоспарлау туралы көптеген мәліметтер кеңінен қамти білді. Курс тақырыбы бойынша тренеріміз Абай Батырұлы біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары екенді- гі бірден байқалды. Біз жұмыс барысында тәжірибе жұмысының әртүрлі түрін таңдау арқылы топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындадық. Менің бұл курстан алған әсерім, үйренгенім көп болды. Ендігі мақ- сатым осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығудамын. Білімді де, білікті, білімін тәжірибеде іске асыра алатын, жан-жақты дамыған жаңашыл мұ-
ғалім болуына бағыт-бағдар беремін деген ойдамын.