АРА ҚАШЫҚТЫҚ 

АРА ҚАШЫҚТЫҚ , математикада — маңызды геом. ұғым. Екі нүктенің А. қ-ғы осы екі нүктені қосатын түзу кесіндінің, нүктеден түзуге ( не жазықтыққа) дейінгі А. қ. берілген нүктеден берілген түзуге (не жазықтыққа) түсірілген перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына, ал параллель екі түзудің (не жазықтықтың) А. қ-ғы осы түзулерге (не жазықтықтарға) жүргізілген ортақ перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына тең болады. Сондай-ақ кеңістікте қиылыспайтын екі түзудің А. қ-ғы осы түзулердің әрқайсысы арқылы жүргізілген өзара параллель екі жазықтықтың А. қ-ғына (осы түзулерге ортақ перпендикуляр кесіндісінің ұзындығына) тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *