Ұрпақ тағдыры ұстаз қолында
«Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді.»
Әбу-Райхан әл-Бируни
Шыр етіп дүниеге келген сәбиден еңкейген кәріге дейін айналасын танып білуге, білмегенін үйренуге ұмтылатыны рас. Адам талмай ізден- се, үйренуге талпыныс білдірсе болашақ жарқын болмақ. Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтің көрсеткеніндей: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қо- лында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Осы орайда, білім бе- рудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан білім жетілдіру курстары – уақыт талабынан туған игі ша- ралар. Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін артты- рудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Ұстаздар алған білімдерін игере отырып, болашақтың иесі болатын шығармашыл, озық ойлы ұрпақты тәрбиелейді. «Ұстазы жақсының ұстанымы мықты» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаса керек-ті. Оқушыларға білім беретін мектеп мұғалімдерімен қатар, мектепке қоғам талабына сай жас маман даярлайтын колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларын білім берудің жаңа мазмұны- мен таныстыру құптарлық іс. Курстан алған білімдеріміз орта мектептерге
жаңаша ойлы мамандар даярлауда негіз болары сөзсіз. Өтіп жатқан білім жетілдіру курсының кез-келген ұстазға берері мол екендігіне сенімдімін.
Жоғарғы оқу орнында отыз жылдан астам студенттерге білім берсем де еңбек жолымды бастаған мектеп пен оқушы тағдыры мені толған- дырмай қоймайды. Мектепте болатын өзгерістерге алаңдап, орта мектеп ұстаздарымен бірлесіп оқушыларды шығармашылыққа даярлауға көңіл бөлемін. Сондықтан, аталмыш курсқа келуім де заңдылық.
Курста терең ойлы, өткір тілді, өз ісінің шебері – тренеріміз Қалша- бек Абай Батыр ұлынан алған білімім, әріптестерімнің бөліскен еңбек тә- жірибесінен туған әдіс-тәсілдер үлкен әсер қалдырды. Еңбек өтілімізге қарамастан, Абай Батыр ұлының білім берудің жаңа мазмұнына байла- нысты түсініктері мен әдіс-тәсілдерін игеріп қалуға тырыстық.
Курс соңында мынандай қорытындыға келдім, курстан білім берудің жаңартылған мазмұнының мәнімен, әдіс-тәсілдерімен, бағалау критерийле- рімен сусындау ұстаздан болашақта шығармашылықпен қызмет етуге азық болады деп санаймын. Білімі жоғары, алғыр ойлы тренерлерді жоғары оқу орындарында даярланып жатқан 4-курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылса тиімдірек болар ма еді деген ойды айтқым келеді.