Курстағы оқытудың жаңа форматының тиімділігі
Өмір бойы білім алу-әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет
Н.Ә. Назарбаев
Жоғары оқу орындарының оқытушыларының кәсіби дамуына ба- ғытталған және студенттердің пәнді терең меңгеруін ұйымдастыра білу, алған білімдерін өмірде қажеттілігіне орай қолдана білуін қамтамасыз ету мақсатын нақты қоя білуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп әзірлеген бағдарламалары бойынша құрастырылған педагогикалық кадрлардың біліктілігін артты- ратын курстың берері мол екен. Алғашқы күннен-ақ, бағдарламаның мақ- сат-міндеттерімен толық танысып шыққан соң жаңартылған білім мазмұ- ны, орта мектепте қолданылатын тиімді әдіс тәсілдерді және жаңа тех- нологияларды игеруге деген қызығушылығым арта түсті. Бірінші күнгі сабақтарда курстың бағдарламасымен танысып, мақсат-міндеттерін, кү- тілетін нәтижелерін айқындап алдық. Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу-әдістемелік кешендер, әртүрлі әдістемелік нұсқаулар, мультимедиялық ресурстар, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерімен танысып «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйрене- міз» деген аталы сөзінің мәнін терең түсіндім. Біздің керемет тренеріміз Қайрат Қыпшақбайұлы сабақ жүргізу кезеңдерінде өз білімін, тәжірибе- сін аямай бізбен бөлісіп отырды. Мен ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген қағидасын ұста- намын. Біз – оқытушылар студенттерімізді оқыта отырып, тәрбиелеуіміз
керек деп санаймыз. Оқытушы өзінің алдына нақты белгілі бір мақсат- ты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз. «Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша математиканы оқыту әдістемесі» курсын оқытуда маған осы курстағы жаңалықтарды үнемі на- зардан тыс қалдырмай, жаңашыл оқытушылардың іс-тәжірибесін мүм- кіндігінше дұрыс пайдаланып, ой елегінен өткізіп, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Осы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, математикадан қысқа мерзімді жоспар құруды үйрендім, математика пәнінен ықшам сабақтар топтама- сын құрастырдым. Әр сабағымда сандық технологияны, АКТ-ны, «Топқа бөліну», «ЖИГСО», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Өрмекші», «Рөлдік ойын»,
«АВС» стратегиялары, «Венн диаграммасы», «Текстологиялық карта»,
«Семантикалық карта» т.б. өз сабақтарымда жиі қолдануға тырысатын боламын. Себебі, бұл жаңашыл әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың сту- денттерге қатты ұнайтындығын және болашақта біздің саналы да, пара- сатты студенттеріміз заманауи тұрғыда қалыптасқан мұғалім тұлғасына айналатынына мен сенімдімін.