«Жаңартылған бағдарлама – жаңа белес, жаңаша тәжірибе»
Өмір бойы білім алу-әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет
Н.Ә. Назарбаев
ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарла- малық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі бас- ты факторы білім екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – десе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай бол- са, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мек- тепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. Мұғалім жоғары деңгейде оқушыға білім беру үшін оған терең теориялық біліммен қатар, методиканы жан- жақты меңгерген, қазіргі заман талабына сай жаңашыл болуы қажет. Осы орайда жаңартылған бағдарламасының маңыздылығы өте зор.
Мен, Тлеуов Қайрат Қыпшақбайұлы жүргізген курста қатысу арқылы жаңа бағдарламаның қыр – сырын меңгердім.
Атап айтар болсақ, бұл бағдарламасының негізгі мақсаты-білім маз- мұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерек- шелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріс- ке ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтуі. Аталмыш бағдарлама- ның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғы- мына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеледі.
Курста осы бағдарламаның маңызын, оның оқыту үдерісіндегі тиім- ділігін, білімді бағалаудағы түбегейлі өзгерістерді, оқушы бойында қа- жетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыру қажеттілігін, көптеген «3-2-1», «Джигсо», «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Үштік», «Бес саусақ», «Жалғасын тап», «Бэкроним» әдіс-тә- сілдерді сабақта тиімді қолдана білуді меңгердім. Курс тренері Қайрат Қыпшақбайұлы сабақты өте әсерлі, қызықты және жақсы ұғындырды. Өз тәжірибемде жаңаша әдіс-тәсілдерді жиі қолдануға тырысамын және бұл студенттеріме ұнайтынына сенімдімін.