ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Өмір бойы білім алу-әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсен- ділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана бі- луге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті
мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімізде жүрген көп сауал- дардың жауаптарын алдық, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігі- мен, ерекшелігімен таныстық. Біз осы оқу барысында биологиядан жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақ- саттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Тек үйреніп қана қоймай, тәжірибе барысында іске асырдық, түрлі тапсырма- лар мен жаттығулар әзірледік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негіз- ге алатын 3 құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптас- тырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Мұндағы жаңа оқу бағдарламасының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында, яғни ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілген курста дәріс, практи- калық жұмыс және тренинг кезінде тыңдаушылардың қызығушылықта- ры күннен күнге арта түсті. Курс барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын түсініп, тың тәсілдермен таныса алды. Топтық жұмыстың да мән-мағынасын тез ұғып, жақсы нә- тижелерге қол жеткізді. Қорыта келе, мен мақаламды ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұл- дыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деген сөзде- рімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әке- летін бірден-бір жол!