Ізденімпаз ұстаз – болашақтың кепілі

Ізденімпаз ұстаз – болашақтың кепілі «Ізденбеген ілгерілемейді»
Халық даналығы Іргелі ғылыми зерттеулердің жетістігінің негізінде өндіріс жаңа тех- нологиялармен қамтамассыз етіледі. Ал, қоғамның әлеуметтік-экономи-

калық дамуы ғылым мен өндірістің дамуына байланысты. Осының бар- лығы жүзеге асырылуы үшін кез-келген маманға мектептен бастап кәсіби білім алғанға дейінгі аралықтағы берілетін білім сапалы болуы керек. Ол үшін әрбір ұстаз білім беру үдерісіндегі болып жатқан жаңалықтар- дан дер кезінде хабардар болып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін мүмкіндігінше саралап, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны барынша ұтымды пайдалана білуі керек. Мұндай игі істі жүзеге асы- ру-педагог кадрларды даярлайтын жоғарғы оқу орындарынан бастау ала- тыны сөзсіз. Себебі, педагог мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орын- дарының негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдердің кәсіби білімі мен машығын, оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудегі педагогикалық тәжірибесін байыту болып табылады. Осы мақсатта білім беру саласын- дағы жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың бірі – педагог кадрлар- ды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамын жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру. Болашақ мұғалімдерді даярлауда олардың алған білімдерін практи- када тиімді қолдана білуге үйрету ең басты мақсат болып отыр. Өйтке- ні, жас ұрпақты болашақ өмірде кез-келген жағдайдан сәтті шыға білуге даярлау үшін олардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары дұрыс қалыптасуы керек. Ол үшін оқушының бойында терең академиялық білім болуы қа- жет және сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас
жасауды меңгеруі қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *