Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау

 

1.Жалғаулардың жалпы сипаттамасы.
2.Жалғаулардың түрлері.
3.Жалғаулардың байланысу тәсілдері.
4. Көптік категориясы мен көптік жалғау.
5.Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау

Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.Көптік категориясы мен көптік жалғау. Көптік категориясы — тілдердің барлығына тән. Ол бір заттың көп затты ажырата білу үшін қолданылады. Жекелік пен көптік зат есімдер арқылы және есімдіктер (әсіресе жіктеу есімдіктері) арқылы анық байқалады. Көптік категориясының әр түрлі тілдерде өзіндік ерекшеліктері болады. Орыс тілінде тек көпше түрінде қолданылатын очки, брюки, ножницы деген сияқты сөздер казақ тілінде жекеше түрде қолданыла береді. Мысалы: көзілдірік, шалбар, қайшы.
Көптік категориясы сан есімдерге де тән емес. Бірақ кейде сан есімдерге, соның ішінде есептік сандарға көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: сағат алты+лар+да, жасы алпыс+тар+да. Мұнда көптік жалғауы көптік мағынаны емес, болжалдық мағынаны білдіріп тұр. Бұларды сағат алты шамасында, жасы алпысқа жуық деп түсінеміз. Егер сын есімдер көптік формада қолданылса, олар міндетті түрде субстантивтенеді, яғни заттанады. Мысалы: Жақсы+лар келді, Сұлу+лар жиналды, т.б.
Көптік категориясы тек қана зат есімдерге ғана емес, сонымен бірге, есімдіктерге, оның ішінде жіктеу есімдіктеріне де тән категория.
Тәуелдік жалғау меншіктілік, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік жалғау жақтық мағыналы қосымша болғандықтан, ол 3 жақта анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрде қолданылады, олардың әрқайсысының жалғауы бар, Осымен байланысты тәуелдік жалғау — қазақ тілінде сирек кездесетін көп мағыналы қосымша. Ол бір (контексте) қолданыста әрі тәуелдік мағынаны, жақтық мағынаны, жекешелік, көптік мағынаны, анайы, сыпайылық мағынаны білдіреді, мысалы, Құныңды біл, Бағаңды үқ, Адамнан да күтеріміз адамдық. (Қ.М.). Осы сөйлемдегі құныңды, бағаңды, күтеріміз деген сөздер тәуелдік жалғаудың 2-жағы мен 1-жағында қолданылған. Осындағы құныңды, бағаңды, сөздеріндегі — ың, -ің жалғаулары тәуелдік мағынаны, 2-жақ мағынасын, анайылық, жекешелік мағыналарды білдіріп тұр. Ал, күтеріміз деген сөздегі тэуелдік жалгау, 1 -жақ мағынасын, көпше мағынаны, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік жалғаулары сегіз қосымшадан түрады. Зат есім тәуелдік жалғауларының барлық қосымшасымен түрлене алады. Мысалы,
Менің үйім Біздің үйіміз
Сенің үйің Сендердің үйлерің
Сіздің үйіңіз Сіздердің үйлеріңіз
Оның үйі Олардың үйлері
Осылайша сөздің тәуелдік жалғаулары арқылы түрлену жүйесі тәуелдік парадигмасы деп аталады, кейде оны морфологиялық парадигма деп те атайды. Парадигмадағы сөз түрлі түлғада түрленген грамматикалық мағыналы сөздерге жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жалғаулар дегеніміз не? Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар:?
3. Көптік категориясы не үшін қолданылады?
4. Тәуелдік жалғау қандай мағынаны білдіреді? Тәуелдік парадигмасы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *